- Категория: Іс-шаралар
- Опубликовано: 19 октября 2026
- Просмотров: 8
«Библио Art» жобасы аясында аудандық кітапханада «Өнерлінің қолы алтын» атты тоқыма тоқудан шеберлік сағаты өтті.Шара барысында қатысушылар тоқыма тоқудың қыр-сырымен танысып, қолөнердің қадамдарын тәжірибе жүзінде меңгерді. Әрбір қатысушы өз шығармашылығын шыңдап, ұлттық қолөнерге деген қызығушылығын арттырды.Қолөнер – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан асыл мұра. Осындай шеберлік сағаттары арқылы ұлттық өнеріміз дәріптеліп, қатысушылардың шығармашылық қабілеттері дамиды.












