- Категория: Іс-шаралар
- Опубликовано: 19 октября 2026
- Просмотров: 3
М. Шәменов ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен “Бір ел - бір кітап акциясы” аясында «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты дөңгелек үстел болып өтті. Шараның мақсаты: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау. Жазушының ұлттық әдебиетке қосқан үлесін таныту, шығармалары арқылы оқырмандардың тарихи танымын кеңейту, елдік пен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Дөңгелек үстелде «Тағдыр» романына ерекше назар аударылады. Роман тарихи отанынан тыс қалған қазақтардың тағдырын, ұлттық бірлік пен елдік мәселесін көркем түрде бейнелейді. Бұл шығарма 1990 жылы Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болған.












