Аудандық кітапхана және «Жастар ресурстық орталығы» КММ Жалағаш аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай дөңгелек үстелі өткізілді. Кешті «Жастар ресурстық орталығы» КММ Жалағаш аудандық бөлімінің басшысы Ерхан Бақбергенұлы жүргізді. Мақсаты: қазақ хандары мен батырларының және қарапайым халықтың өз жерін сақтап қалу жолындағы ерен ерліктерін паш ету, жастардың бойына отансүйгіштік, патриоттық сезім ұялату. Іс-шараға «Қазақ елі: Тарих.Тағылым.Тәуелсіздік» тақырыбымен кітап көрмесі қойылды.
30 тамыз-Ата заңымыз -Конституцияның қабылданған күні- осыған орай Мәдениет үйінде «Ата Заң-бейбіт өмір бастауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап көрмесіне еліміздің Конституциясы, «Жеті жарғы», мәдени мұра болып қалған 10 томдық «Қазақтың Ата заңдары» атты кітаптар, сонымен қатар еліміздің тарихы мен экономикасы, рухани құндылықтары туралы кітаптар қойылды.
Абай Құнанбаевтың есімін ұлықтау және өмірі мен шығармаларын насихаттау мақсатында ұлы ақынның 170 жылдық мерейтойына арналып «Жігер» Мәдени –сауықтыру кешенінде «Тағылымы терең тұлға» атты кітап көрмесі жасалып, «Кемел ақын,кемеңгер ойшыл» атты Абай оқулары өтті. Абай оқуларына аудандық және ауылдық кітапханалардың оқырмандары қатысты. Кеш Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңімен басталды. Кештің қонағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – ның Жалағаш аудандық бөлімшесінің бас маманы, теолог Байқабылов Арыстан сөз сөйлеп, Абайдың қалдырған мәдени мұралары мен рухани құндылықтары, өлеңдері жайында кең мағлұматтар берді.Абай оқуларына қатысқан жас оқырмандар Абайдың өлеңдері, «Қара сөздерімен» қоса өздерінің «Абайға арнау» өлеңдерін де оқып Ұлы тұлға Абай атамызға құрмет көрсетті.
10 тамыз күні аудандық кітапханада рухани байлығымыз-кітапты насихаттау және кітапханалардың үздік оқырмандарын марапаттау мақсатында «Үздік жас оқырман» атты байқауы өтті. Байқауға аудандық және ауылдық кітапханалардың оқырмандары қатысты. «Үздік жас оқырман» байқауында ерекше өнерімен, біліктілігімен көзге түскен – Жүргенов ауылдык кітапханасының оқырманы Кішкенбай Аружан - байқаудың Жеңімпазы атанды. Байқауға қатысушы басқа оқырмандар түрлі номинациялармен марапатталды: «Дарабоз» номинациясымен аудандық кітапхананың атынан қатысушы- Төремұрат Қаршығаев, «Ойы ұшқыр» номинациясымен Таң ауылынан- Қуанбекқызы Гүлмира, «Жас өрен» номинациясымен Шаменов ауылынан қатысушы- Тұрсынбай Ақбота, «Өнерлі жас» » номинациясымен Ақсу ауылынан қатысушы- Барпаяқ Әсел, «Зерек» номинациясымен Ақарық ауылынан қатысушы- Бақытбек Саясат, «Өнерпаз» номинациясымен Далдабай ауылынан қатысушы- Бектас Меруерт, «Дарын иесі» номинациясымен Жаңаталап ауылынан қатысушы- Қорғанбек Тоғжан, «Жаңалық жаршысы» номинациясымен Мәдениет ауылынан қатысушы- Қойшығұл Айдана, «Талантты» номинациясымен Қаракеткен ауылынан қатысушы- Тынымбек Әсел, «Білікті» номинациясымен Жаңадария ауылынан қатысушы- Өмірбек Инабат, «Тіл жанашыры» номинациясымен Аққұм ауылынан қатысушы- Сабырбайқызы Нұрила
Аудандық кітапхана қызметкерлері ауданымыздың халқына кітап насихаттаумен қатар мекеме қызметкелеріне, сонымен қатар халқымыздың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын азаматтарды рухани байлығымыз -кітаппен қамту жолында істер атқарып келеді. Осы орайда Жалағаш аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігін аудандық кітапхана қызметкерлері көшпелі кітапхана қызметімен қамтып отыр. Қазір «Мүгедектер қоғамының» мүшелері аудандық кітапхана тарапынан 200- ге жуық көркем әдеби және саяси- әлеуметтік тақырыбындағы кітаптарды оқуға қол жеткізіп отыр. Шілде айында осы бірлестіктің кітап сөрелеріне кітапхана қызметкерлері «Қазақ хандығына-550 жыл», «Ана тілім- алтын діңгегім», «100-нақты қадам» атты тақырыптық шағын кітап көрмесін жасады. Халқымыздың қандай тобы болса да қоғамда болып жатқан барлық іс-шаралар туралы ақпараттармен танысып,білімдерін шыңдап, бос уақыттарын сапалы өткізіп белсенділік көрсете алады. Бұл. мемлекетіміздің әр азаматының толыққанды өмір сүруіне қол жеткізген жақсы мүмкіндіктердің бірі. «Мүгедектер қоғамының» мүшесі Анар Сиқымова өзі кітаптармен танысып,оқып, оларды осы қоғамның мүшелеріне насихаттауға көп үлесін қосып отыр.
Астана Қазақстан Республикасының астанасы, Ақмола облысының орталығы. Астана қаласының негізі 1830 жылы қаланды.Астананың туған күні жалпыұлттық мейрамға айналды. Аудандық кітапханада 6 шілде - Астана күніне орай «Астана- еліміздің айбыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашылар оқырмандарды кітап көрмесіне қойылған кітаптармен таныстырды. Кітап көрмесіне Елбасы Н. Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» кітабы (2005),«Астана-Қазақстанның жүрегі» Кітап-альбом (2012), «Астана» энциклопедиясы (2008), «Елбасы сыныптастары» (2013), А. Гафоровтың «Еліне елеулі елбасы» (2014), Н. Иманқызының «Астана-Ақорда» (2007) атты кітаптары мен Астананың аспан тіреген ғажайып ғимараттарының суреттері қойылды.
Аудандық кітапханада маусым айында қоғам және мемлекет қайраткері Т. Жүргеновті ұлықтау мақсатында «Біртуар ұлы тұлға» оқырмандар конференциясы өткізіліп, Темірбек Жүргеновтің өмірі жолынан сыр шертетін «Тағылымы терең тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі II - бөлімнен тұрады: I бөлім - «Т. Жүргенов –Мұрағат құжаттарында» II бөлім - «Тарихи тұлға»-деп аталады.












