Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Аудандық кітапханада 2015 жыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып белгіленуіне орай «Қазақстан халқы Ассамблеясы-ұлттар достығының бірлігі» атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап көрмесі 3 бөлімнен тұрады1-бөлім: «Татулық-достықтың киелі бесігі»,2-бөлім:«Бірлігі жарасқан-Қазақ елі»,3-бөлім:«Бірлік-достық шаңырағы»
Таң ауылдық кітапханасында 2014 жылдың 25 желтоқсан күні ауыл кітапханаларының мәртебесін көтеру мақсатында «Модельді ауылдық кітапхана» ашылды. Кітапхананың ашылу салтанатында аудандық кітапхананың директоры Ұ. Меңдібаева «Үлгілі кітапхана» сертификатын тапсырып, сәттілік тіледі. Модельді кітапхананың ашылу салтанатына ауыл ардагерлері, ұстаздар мен ауыл тұрғындары және кітапхана қызметкерлері қатысты.
16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне байланысты «Ұлттық рухтың тірегіне айналған Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын еске алу мақсатында «Желтоқсан жаңғырығы ел есінде» атты кездесу кеші болып өтті.Кештің құрметті қонақтары болып Желтоқсан оқиғасының куәгерлері №202 мектептің мұғалімдері Қарақұлова Ләззат пен Зылиха Ұзақбаева қатысты.Қарақұлова Ләззат 1986 жылы Қарағанды қаласында оқып жүрген кезінде Алматы жастарының көтерілісінің дүмпуі Қарағанды қаласы жастарының көтерілісіне ұласқанын, оған қатысқан достарының басынан өткендерін айтып берді: «Желтоқсан оқиғалары біздің жадымызда, санамызда мәңгі қалады. Мұғалім ретінде оқушылардың патриоттық сезімдерін жоғары деңгейге көтеру, Отанын сүюді, сол үшін күресуді де біз үйретуіміз керек. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!»,-деген ниетін білдірді.Сонымен қатар №201 мектептің оқушылары:Тыныштықбай Инабат, Қарақат, Нұрланқызы Әдемі, Нұрғали Аружан «Тәуелсіздік» жайлы өлеңдер оқыды.
Аудандық Мәдениет үйінде 7 қараша күні елімізге танымал қаламгер, ауданның Құрметті азаматы, ауданның қоғамдық өмірінде өзіндік өрнекті де айшықты ізі бар жазушы Тұрсынбай Мүсіркепұлы Тәшеннің 75 жылдық мерейтойына байланысты «Қаламы қарымды қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Сырда өскен шынар» атты кітабының тұсаукесер кеші болып өтті.
Қызылорда қаласында өткен Жалағаш ауданының өнер күніне байланысты 18 қараша күні «Тарихы шежіре, мәдениеті озық, бірлігі мен берекесі жарасқан киелі мекен-Жалағаш» атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге: ауданымыздың тарихынан бастап, батыр,билеріміздің, мемлекет және қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері мен ақын-жазушыларымыз, мәдениет қайраткерлері және сирек кездесетін кітаптар мен баспасөз материалдары қойылды.  
  Жалағаш ауданының Мәдениет ауылында қазан айының 31 жұлдызы күні мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Қабыловтың туғанына 110 жыл толуына орай «Жалынды қайраткер» атты еске алу кеші болып өтті. Кешке ауыл ардагерлері, мектеп оқушылары, туыстары және аудан кітапханасының кітапханашылары қатысты. Кештің алғашқы сөзін №32 І.Қабылов атындағы орта мектептің директоры О.Қозыкенова ашып беріп, ауыл ардагерлері Е.Рахметов, А.Жармаханов, Б.Нұржановтар өздерінің естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар аудандық кітапхананың әдіскері Ұ.Нұрымбетова: Ілияс Жүсіпұлы Қабыловтың артында мол мұрасы қалған қайраткер және өзі уығын қаласқан үкіметтің қиянатын да көрген тұлға екеніне тоқталып өтті. Бұл кеште №32 І.Қабылов атындағы орта мектептің түлектері де өз өнерлерін ортаға салып, кештің әсерлі өтуіне өз үлестерін қосты. Кеш соңында ауыл кітапханашысы Г.Ділдәбекова мемлекет және қоғам қайраткері І.Қабыловқа арналған «Жұлдыз ғұмыр» атты кітап көрмесімен таныстырды.  
  18-23 қыркүйек аралығында аудандық кітапханада Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай «Елімнің мәртебесі - мемлекеттік тіл» атты апталығы өтті. Апталық барысында «Мемлекеттік тіл-бірлік пен татулық кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларының қатысуымен «Ана тілім-туған жерім,Отаным» атты өнер сайысы өтті. Мақсаты: ана тілінің көркемдігін, сөз құдіретінің әсемдігін сезіну, тілдің адам өмірінде алатын орнын ұғыну, тіл тазалығын сақтауға шешендік сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп, бойларына сіңіру. Сайыс таныстыру, дода, мақал-мәтелдер жарысы, тілге байланысты өлеңді мәнерлеп оқу өнер кезеңдерінен тұрды. Сайысқа №123 орта мектептен «Біз жас тілшілер» тобы, №202 орта мектептен «Тіл тұғыры» тобы, №201 мектеп-лицейден «Білгіштер» тобы, №31 орта мектептен «Қыран» тобы, №246 орта мектептен «Біз жастар» тобы оқушылары қатысты. Тілдің жаңашырлары ретінде сайысқа қатысушылар өз шеберлік пен шапшандықтарын көрсете білді. Сайыс қорытындысы айтылып, жеңімпаз оқушылар марапатталды.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni