Аудандық кітапхана жанынан ашылған «Жас қалам» жастар клубы өз жұмысын 2015 жылдың наурыз айында бастады. Клубта өлең сүйер жастарымыз өздері таңдаған тақырыптарға арнап өлеңдер жазып, машықтанады. Осы ізденістерінде Ішкі саясат қызметкерлері, «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшілері мен мектеп мұғалімдері жетекшілік жасап жол көрсетуде. «Жас қалам» клубы өнерлі жастарды өз қатарына шақырады.
4 маусым- ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Рәміздер- тәуелсіздіктің тұмары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге еліміздің Елтаңбасы, Туы және Әнұранының шығу тарихы жазылған кітаптар мен баспа материалдары қойылды.
Жастардың діни көзқарасы мен діни сауаттылығын арттыру мақсатында 4 маусым күні аудандық кітапханада «Діни сауаттылық-рухани қауіпсіздіктің кепілі» атты дөңгелек үстел болып өтті. Осы іс-шараға арналып «Ислам діні-Мәдениетіміздің терең тамыры» атты кітап көрмесі жасалды, діни бірлестіктер жайлы дайындалған слайд көрсетілді. Арнайы қонағымыз «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Жалағаш аудандық бөлімшесінің бас маманы, теологБайқабылов Арыстан жастардың дінге байланысты түрлі сұрақтарына жауап беріп, кеш жоғары мазмұнды деңгейде өтті.
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Оқушылар үйінде 15 мамыр күні «Майданда туған жырлар» атты Ұлы Отан Соғысы отты жылдарына арналған өлең-жырлар айтудан, көрініс қоюдан сайыс кеші өтті. Сайыс кешіне №123, №202,№31, №201 орта мектеп оқушылары қатысып, бас жүлдені №31орта мектеп, 1- орынды №201 мектеп-лицей, 2-орынды №202 орта мектеп, 3- орынды №123 орта мектеп иеленді.
Бүкіл ел бойынша мектептерде, мәдени ошақтарымызда Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған іс-шаралар өтіп жатыр, соның қатарында Жалағаш аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен №31 мектеп оқушыларының арасында «Ұлы жеңіс-ұрпаққа аманат» атты Генерал Сабыр Рахимовқа арналған таным сағаты болып өтті. Аты көпшілікке беймәлім болып келген генерал Рахимовтың ерлігі жастарымыздың жадында сақталуы тиіс.
Аудандық кітапханада «23 сәуір - Дүниежүзілік кітаптар күні» мерекесі ерекше аталып өтті. Осы мерекеге орай ұйымдастырылған «Кітап – сарқылмас рухани қазына» атты апталықта 20-24 сәуір аралығында: «Кітап- уақыттың мәңгілік куәгері» атты әдеби-сұхбат кеш, «Жер- жанат, кітап-қанат» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, 22 сәуір күнгі өткен «Кітап-руханияттың қайнар бұлағы» атты сұрақ-жауап кешіне Жалағаш кентінің 5 мектебінің оқушылары қатысып «Қазақ хандығы,Тіл,Кітап,Білім» туралы білімдерін ортаға салды, нәтижесінде- №201 мектеп-лицейдің «Қазақ ұландары» тобы 1-ші орынды, №123 орта мектептің «Жеңіс» тобы екінші орынды, № 202 орта мектептің «Зерек» тобы 3-ші орынды иеленді. Сонымен қатар «Кітап- рухани байлық кілті» атты библиографиялық шолу жасалып, кітап апталығы «Жаңа ғасырға-жаңа кітап» атты әңгімелесу кешімен қорытындыланды.
17 наурыз күні №201 мектепте «Қыз әдебімен әдемі, сәнімен сәнді» атты дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға қатысқан жоғары сынып оқушылары, психолог мамандар мен мұғалімдер қыз баланың тәрбиесі, тәртібі, мінез- құлқы мен жаңа заманға сай жастардың киім үлгілері туралы мәселелерді ортаға салып, ашық пікірлерін айтты.












