Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Қазіргі кезде елімізде кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында «Ауылда ақпараттық орталықтар құру» атты жоба іске асырылуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «2020 жылға қарай экономиканың 40 пайызға дейін шағын және орта бизнес есебінен өндірілуі тиіс» деген міндет қойды. Осы орайда, «Ақпараттық тренинг-ауыл кәсіпкерлігінің орталығы» жобасы өзінің өзектілігімен ерекшеленеді. Жоба мақсаты –халықтың өмір сүру сапасын көтеру, шағын бизнес және кәсіпкерлік өкілдерін дер уақытында нақты ақпаратпен қамтамасыз ету. Cондай жаңалықтың бірі 1 сәуір күні Мәдениет ауылындағы ауылдық кітапханасында «Кәсіпкерлікті қолдау онлайн орталығы» ашылды. Онлайн орталықтың ашылу салтанатына ауылдық әкімшілік өкілдері,ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер және кітапхана оқырмандары қатысты. Онлайн орталықтың ашылуына ауыл әкімі Әлсейітов Әбіләкім құттықтау сөзімен басталды. Аудандық кітапхана директоры Меңдібаева Ұлмекен құттықтау сөзінде тегін компьютерлік тренинг өткізу, кәсіптік жүмыс немесе өз саласы бойынша тәжірибелерімен алмасу сынды үрдістер жүзеге асады. Онлайн-орталық тұрғындарға жаңа мүмкіндіктердің көзін ашатын және алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Сонымен бірге №32 орта мектеп директоры Қозыкенова Оразкүл жергілікті ұйым, әсіресе жастар қауымы мен кәсіпкерлер үшін үлкен көмек екеніне тоқталып өтіп, өз ризашылығын білдірді. Шара барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары өз өнерлерімен әннен шашу шашты. Онлайн орталығын ашу рәсімінің лентасын қию құрметі ауыл ардагері Рахметұлы Ерділда мен ауыл әкімі Әлсейітов Әбіләкімге табыс етілді. Онлайн-орталықтың ашылуы өзекті тақырыптың біріне айналды, ол халықтың белсенділігін тура және виртуалды түрде арттырады және қоғамның дамуына барынша қолдау көрсетеді деген сенімдеміз.
11 наурыз күні БҰҰ және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қызылорда облысына арналған бірлескен Бағдарламасы аясында Аққұм ауылдық кітапханасында ауыл кәсіпкерлерін қолдау онлайн орталығы ашылды. Жобаның мақсаты: ауылдық жерлердегі халықтың ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін онлайн орталығының қызметін ауыл кәсіпкерлері, шаруа қожалықтары, ауыл жастары сонымен бірге өмір сапасын жақсартып, электронды оқытумен ақпаратқа қол жеткізу үшін ауыл тұрғындары тегін пайдалана алады. Орталықтың ашылу салтанатында Аққұм ауылдық округінің әкімі Т.Төлегенов, №38 орта мектеп директоры Б.Мұстаяпов, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Н.Мырзамұратова және БҰҰ бағдарламасының Аймақтық даму және тиімді басқару департаментінің бағдарлама үйлестірушісі М.Қоянбаевалар сөз алып, алыстан ақпарат алу мүмкіндігіне ие болған ауыл тұрғындарына сәттілік тілеп, ашылып жатқан орталықтың қызметі жәйлі жан-жақты түсінік берді. Ауыл ардагері Қ.Райымбек онлайн орталығының тұсау кесу салтанатты рәсімін жасап, ақ батасын берді. Шараға ауыл тұрғындары, оқырмандар және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Бірлігіміз жарасқан Жаңадария ауылдық кітапханасының кітапханашысы М. Шаукаеваның ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерекесіне орай «Бірлігіміз жарасқан» атты әдеби-әуенді кеш ұйымдастырылды. Қазақстан халқы тату-тәтті тірлігімен әлем елдеріне үлгі болып отырған мемлекет. Ассамблея- татулықпен тұрақтылықтың, бірлік пен достықтың, келісім мен ізгіліктің символы. Бұл кештің мақсаты осындай мәртебесі биік мемлекеттің тыныс-тіршілігін насихаттай отырып, жас ұрпақты Отансүйгіш, елжанды, достықты қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор. Кешке ауыл ардагерлерімен кітапхана оқырмандары қатысты.
20 ақпан күні аудандық кітапханада жергілікті ақын-жазушылар және кітапхана жанынан құрылған «Жас қалам» клуб мүшелерінің қатысуымен «Өлең-сөз маржаны» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кешке «Жалағаш жаршысы» газетінің қызметкерлері Серік Бертаев, Қуат Әдисұлы, Нұрсұлтан Қазбеков және ақын, ардагер- ұстаздар Өтегенқызы Қалжан мен Көшекбайқызы Роза шақырылды. Кеш барысында журналист-ақындар өнер жолдарының өнегелі тұстарынан естелік айта отырып, жас оқырмандарға өз өлеңдерінен үзінділер оқып берді. Ұрпақтар сабақтастығының жалғасындай жас ақындар Мәлік Оралхан мен Қаршыға Төремұрат туған жерге арналған өз арнау өлеңдерін оқыды. Талантты жас оқырмандар Тыныштықбай Инабат, Тыныштықбай Арун, Алпысбай Жұбатқан, Батырхан Құндызай ақын өлеңдерін жатқа оқып өз өнерлерімен тәнті етсе, әуез мектебінің мұғалімі Төлеубай Бейсенбек жырдан шашу шашты. Кеш соңында ардагер-ұстаз Өтегенқызы Қалжан «Арайлы таң» атты кітабын оқырмандарға тарту етті.
Аудандық кітапханада 12 ақпан күні Қазақстанның халық жазушысы ақиық ақын Қадыр Мырзалиевтың 80 жылдығына орай «Поэзия-тірлігім,тіршілігім» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Кеш ақынның өлеңіне жазылған «Мен қазақпын» атты патриоттық әнімен ашылды. Қадыр ақынды тану, қазақты тану. Осы мақсатта: Қалыбай Бекзат, Қасым Ажар, Әмірбекқызы Арайлым, Нарбай Арай ақын өлеңдерін жатқа оқыса, кітапханашы Ешімова Жансұлу ақынның «Домбыра» өлеңінен үзінді оқыды. Кеш соңында ақын шығармаларына арналған «Ақын өлеңдері шындықтың айнасы» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Аққұм ауылдық кітапханасының оқу залында «Аталар сөзі – тәрбие көзі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Шараның мақсаты: балаларға халқымыздың салт- дәстүрін, әдет-ғұрпын, тәлім-тәрбие беру және ата ақылымен әже өнегесі арқылы жастарды ұлттық тұрғыда тәрбиелеу.
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай аудандық кітапханада «Желбіре, Жеңіс жалауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты: Ұлы Жеңістің тағылымын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, баға жетпес бейбіт өмірімізді қастерлей білуге,отан сүйгіштікке тәрбиелеу.Көрмеге уақыт сынынан өткен,соғыс пен тыл ардагерлерінің ерліктері мен естеліктері жайында жазылған кітаптар қойылды. Кітап көрмесі 2 бөлімнен тұрады 1-бөлім: «Ұлы Жеңістің жаңғырығы»,2-бөлім:«Ұлы ерлік шежіресі»,

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni