Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

     Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 201-ші мектеп-лицейінің 10-шы сынып оқушылар арасында Мемлекет қайраткері Сүлеймен Есқараевтың 120-жыл толуына орай «Халқына қалаулы қайраткер» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға С.Есқараевтың өмірі мен қайраткерлік қызметі жайында кең көлемде мағлұмат беру.         Мемлекет қайраткері Сүлеймен Есқараев 1897 жылы 17 тамызда Қызылорда облысы,Қармақшы ауданында дүниеге келген.1920-1925 жылдары РК(б)П Сырдария облысы комитетінің нұсқаушысы,бөлім меңгерушісі,Ташкент облысы төтенше комиссиясы бастығының орынбасары,1928 жылы ұлтшыл ретінде Қазақстаннан қуылып,Орынбордағы өлкелік милиция мектебінің бастығы болды.1936 жылдың ақпанында Юстиция халық комиссары жəне республика прокуроры болып тағайындалған.    С.Есқараев 1937 жылы тамызда Қазақстандағы контрреволюциялық ұйым жетекшілерінің бірі деген жалған айыппен тұтқындалып,1938 жылы Алматы қаласында атылған.1957 жылы 5 қарашада ақталды.Қызылорда қаласындағы бір көшеге Есқараев есімі берілген.ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 3 қарашадағы номері 1485 қаулысымен ҚР Бас прокуратура жанындағы прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық жəне құқық тəртібін зерттеу Институтына Қазақ КСР-ның тұңғыш прокуроры Сүлеймен Есқараевтың есімі берілді.      
                                    100 нақты қадам- болашаққа басты бағдар      «100 нақты қадам» — бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған 30 елдің кіруі жөніндегі жоспары. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» қоғам өмірінің шешуші салаларын жаңғыртуға бағытталған. Осы орайда аудандық кітапханада «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша -100 нақты қадам Ұлт жоспарын іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып «100 нақты қадам- болашаққа басты бағдар» атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды.Іс- шараның мақсаты – кешегі Алаш қайраткерлерлі өсиет еткен, бүгінгі қазақ ұрпағы жүзеге асыруға серт беріп, бел буған «Мәңгілік ел» мұратын жас ұрпаққа насихаттау, «Мәңгілік ел» рухы жолында қасық қаны қалғанша шайқасып, атамекеннің сынық сүйем жерін дұшпанға бастырмай кеудесімен қорғаған батыр бабаларымыздың, қаһарман хандарымыздың, елдің бірлігін даналығымен ұйытқан би-шешендеріміздің ерлік істерін, отансүйгіш өнегесін жастарға насихаттау.  Көрменің тақырыбы: «100 нақты қадам- болашаққа басты бағдар» 1 бөлім.«Қазақстан болашағы-жарқын ел»,2 бөлім. « Қазақстан-Мәңгілік ел».Іс- шараны қорытындылаған аудандық кітапхананың директоры : Ұ.Меңдібаева- «Қазақстан-2050» стратегиясының бағдарламаларын іске асыруда мекеме қызметкерлерінің өз үлестерін қосып, халықпен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп жатқандығын және «Бес институцияналдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарын іске асыру» тақырыбына байланысты өз пікірін айтып, Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі екендігін атап өтті.
                Аудандық кітапханада қоғам жəне мемлекет қайраткері Қонаев Дінмұхамед Ахметұлының 105 жылдық мерейтойына арналған "Елінің Алатаудай айбыны" атты таным сағаты өтті. Қонаев 1955-1960 жəне 1962-1964 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кенесінің төрағасы,1960-1962 жəне 1964-1986 жылдары Қазақстан Комунистік Партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды.Ол Қазақстанның экономикасы мен мəдениетін өркендету жолында өзінің білімін,мол тəжірибесін жəне ұымдастырушылық қабілетін аямай жұмсай білді.Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993)-аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері,үш мəрте Социалистік Еңбек Ері,Қазақ КСР Ғылым Академиясының акадимигі,техника ғылымның докторы,КСРО,шет ел ордендері мен медальдерінің иегері. Дінмұхамед Қонаев өз заманның ұлы саясаткері бола білді.Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі,қарама қайшылықтар болғанымен,елдің экономикасын,əлеуметтік саласын,ғылымын,ұлттық мəдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.Түрлі деңгейдегі партия жəне кеңес қызметін атқара жүріп,Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей,ел мүддесін,болашақ қамын да бір сəт естен шығарған жоқ. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мəдениеттілігімен танылып,халық дəстүрін жақсы білетін,тағылымы терең,ой өрісі биік жан екенін көрсетті.Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жаткан реформа бағыттарын,қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп,қолдай білді.Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылғы тамыздың 22-сінде,82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен еңбектеріне арналған "Өз заманының заңғар ұлы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
        Бүгінгі күннің өзектілігіне айналып отырған «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасы бұл - дүниежүзіндегі алдыңғы қатардағы мемлекеттерге тән құбылыс.          Елбасының өзі «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деп атап айтқан болатын.          Үштұғырлы тіл –елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы болмақ. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.          «100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» ұлт жоспарындағы негізгі бағыттардың бірі «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың түйінді факторы ретінде үштілді білім беруді дәйекті түрде дамыту болып отыр.             Қазіргі уақытта қоғамның барлық саласында заман талабына сай үш тілді жетік меңгерген мамандар легі көбейіп келеді.          Солардың бірі жерлесіміз Әбибуллақызы Назира өз ана тілінен басқа орыс, ағылшын, түрік тілдерін еркін меңгеріп, ғылым жолында өзінің алғашқы баспалдағын бағындыруда.          Аудандағы №201 орта мектепті үздік оқыған Назира 7 сыныптан бастап білімін облыс орталығындағы № 10 қазақ-түрік лицейінде жалғастырды.          2010 жылы лицейді «Алтын белгімен» аяқтап, Назарбаев университетінің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің антропология факультетіне түсіп, 2015 жылы бакалавр,2016 жылдары Назарбаев университетінің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің саясаттану және халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алды.          Осы оқу аралықтарында биология пәні бойынша қалалық, облыстық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жоғарғы орындарды иеленген.          Назарбаев университеті жанындағы «Пре-Мед» клубының мүшесі болған Назира университетте оқып жүрген кезінде Евразиялық экономикалық форумда еріктілер қатарында ағылшын тілінен аудармашы болып, өзін қазіргі заманға тән бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптастыра білді.          Білімділігі мен алғырлығының, жауапкершілігінің арқасында білім ордасы Назираға үлкен сенім артып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне тәжірибеден өтуге жолдама берді. Осы аралықта ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Ахмадиевтің көмекшісі болып тәжірибе жинақтады.          Н.Әбибуллақызы қазіргі уақытта Қазақ гуманитарлық - заң университетінің халықаралық құқық магистратурасында білім алумен қатар Apex-Pro компаниясының рекрутингтік бөлімінің кеңесшісі болып жұмыс жасайды.          Алдағы уақытта ел экономикасының дамуына өз үлесін қосып, қолтаңбасын қалдыруды мақсат тұтқан Назира Әбибуллақызы Халықаралық қаржы орталығында жұмыс жасауды жоспарлап отыр.          Елімізде өскелең ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына, кәсіби маман болып қалыптасуына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. Осындай мүмкіндікті жібермей, өз тілін құрметтеп, өзге тілдерді меңгерген маманның болашағы жарқын болмақ. Б.Дүйсенбиева Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы
                           Халқымыздың азаттық жолындағы күрестерінің тарихы тым тереңде жатыр. Тәуелсіздік деген басты құндылықтың құрбаны болып қанша есіл ерлеріміздің өмірі қиылып, қан мен тері төгілді. Бүгінде көк байрағы көкте желбіреген егемендігіміздің тарихында қаншама нәубатты жылдар мен қанды қырғындар өткені баршамызға айқын.     Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Азаттық аңсаған өршіл рух» тақырыптық кеші «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 игі іс-шара» жобасын іске асыру аясында және Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай болып өтті. Шара мақсаты: желтоқсан көтерілісінің тарихы, көтерілістің туу себептері мен олардың қаһарман тұлғалары туралы мол мәлімет беріп, тәуелсіздіктің қаншалықты ауыр жолмен келгенін білу. Шара кітап көрмесіне шолу жасаудан басталды. Ел аузында «желтоқсаншы Гүлнар» аталып кеткен Демеуова Гүлнар апайдың көтеріліске қатысқан кезін бейнелеген жерлесіміз Тұрақ Ахетовтың «Тағдыр» деп аталған көлемді мақаласының басты кейіпкері туралы таныстырғанда балалардың қызығушылығы туындап, түрлі сұрақтар қойды. Әрі қарай оқырмандар өздері дайындаған бағдарламасын жүргізді.
               Аудандық кітапханада Жалағаш агро-индустриалды колледждің студенттері мен мұғалімдері , Жалағаш ауданы" Жастар парламенті "мүшелерінің қатысуымен "Жасампаз жастардың адымды қадамы" атты дөңгелек үстел кеші болып өтті.Кеш қонақтары жастарды салауатты өмір салтын ұстануға ,қоғамдық өмірге белсене араласуға, білімді болуға, кітап оқуға шақырды.
     Дүниеге келер әлі талай Қасым, Олар да бұл Қасымды бір байқасын, Өртке тиген дауылдай өлеңімді Қасымның өзі емес деп кім айтарсың, - деп жырлаған өр мінезді ақын Қасым Аманжоловтың 105 жылдығына орай балалар кітапханасында «Дүниеге келер әлі талай Қасым» тақырыбында кеш болып өтті. Шарада оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқып, шығармашылығымен түрлі сұрақ-жауаптар арқылы танысты. Ақынның терең ой мен асқақ арманға жетелеп, адамға күш-жігер беретін жырларын жатқа айтты. Жастайынан тағдырдың қиындығын көп көрсе де қайсарлығымен жеңе білген өр тұлғаның туған жерге деген перзенттік сүйіспеншілігін "Туған жер", "Байқал", «Орал» "Сарыарқа"т.б. лирикалық өлеңдері арқылы оқырманның рухани игілігіне айналғанын байқады.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni