Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

                       Бұқарбай мобильді мультимедиялық орталықта № 33 орта мектеп оқушыларының қатысуымен 9 мамыр - Жеңіс күніне орай мерекелік шара болып өтті. Шарага ауыл ақсақалдары, ауыл имамы қатысып, соғыс құрбандарын еске алды.Соғысқа қатысқан ауыл азаматтарына құран оқылды. Шараның жақсы деңгейде өтуіне жас ұландар белсене қатысты.  
                                 Есет батыр мобильді мультимедиялық кітапханасында –Дүниежүзілік кітап күніне орай «Кітап – ғасыр мұрасы» атты тақырыптық кеш өткізілді.  Кештің мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету. 
                                         №2 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен №202 орта мектептің оқу залында «Латын әліпбиі - рухани Тәуелсіздігіміздің тұғыры» атты дөңгелек үстел өткізілді.Мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу. «Латын қарпіне көшу -қазақ тілінің жаңа белесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
                                        Аудандық «Әйелдер кеңесі» және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен аудандық мәдениет және өнерді дамыту бөлімінде халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» кітабынан пікір талас кеші өтті. Сондай –ақ оқырман назарына Бауыржан атамыздың өсиет сөздері мен өмірдеректерінен бейнеслайд пен Зейнеп Ахметованың аудан тұрғындарымен кездесу сәтіндегі бейнеролик ұсынылды. «Бабалар аманаты - ұрпаққа өсиет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
        Мемлекеттік Қызмет Істер Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен өткізіліп отырған «Адал жол» марафон-эстафета аясында аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі жəне аудандық кітапхананың бірлесе ұйымдастыруымен ашық аспан астында «Сыбайлас жемқорлық -түбі қорлық» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты: Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмысын жүргізу арқылы жастарды сыбайластыққа жол бермеуге шақыру.
                                                                   Аудандық кітапхана қызметкерлері «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында Жалағаш автобекетінде «Жолаушы жолға кітап ал!» тақырыбында жолаушылардың ұялы телефондарын қолдану арқылы куэркод тартып алып қажетті кітаптардың электронды қолдану вариантын оқи алатыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
                                     Салт-дəстүр-ұрпақ қазынасы 22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні мерекесі-қазақ халқының ең маңызды,басты мейрамы.Осы халықаралық мейрамда барша адамзат шат-шадыман қуанышқа бөленеді, ойын-сауық ұйымдастырып, қыз-бозбала алтыбақан тебеді,наурыз көже жасап, жеті күлше нанын пісіріп, бір-бірін құттықтап,үлкендер батасын жаудырып жатады.Осы орайда Елбасының "Рухани жаңғыру" мақаласы аясында аудандық кітапханада "Салт-дəстүр-ұрпақ қазынасы" атты мерекелік кеш болып өтті.Мерекелік кешке құрметті қонақ ретінде аудандық кітапхананың ардагерлері жəне аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Доспанов Таңатар Сағалұлы,осы бөлімнің бас маманы Дүсенбиева Бибіəсия Аманжолқызы қатыстып,наурыз мейрекесімен құттықтады. Т.Жүргенов атындағы нөмері 123 мектеп лицейдің 6 сынып оқушысы Ділдəбекқызы Аңсаған күмбірлеген күймен шашу шашса, кітапхана ардагерлері мерекелік кешті ақ батасымен қорытындылады.  

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni