Аудандық кітапхананың оқырмандар бөлімінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Отбасым-бақыт мекенім» атты дөңгелек үстел өткізіліп, «Отбасы-ұлттың тірегі» атты көрме қойылды. Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру.Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 511 Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні деп бекітілген. Бірінші кезекте, Отбасы күнін Қазақстанда мерекелеу неке мен отбасы институтын, сонымен қатар қоғамда имандылықты және руханилықты нығайтуға негізделген. Бүгінде демографиялық саясаттың әуелгі факторы ретінде отбасылық құндылықтарды халық санасына сіңіру – басты мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады. Отбасы күнін мерекелеу адамгершілік, рухани, біздің қоғамда ерлі-зайыптылықтың маңызды жауапкершілігін мойындауды нығайтуға көмектеседі. Отанға деген махаббат отбасынан басталады. Туған шаңырағыңда алған тәрбие-бұл жалпы біздің денсаулығымыз бен келешегіміздің кепілі.
Аудандық кітапханада 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Айбарлы, асқар елді асқақтатар-Ата заң» атты дөңгелек үстел өткізіліп, «Тәуелсіздік тірегі -Ата Заң » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: жастарға ҚР Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы жастардың білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді жастардың бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. . Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Аққұм ауылдық онлайн кітапханасы жанынан ашылған "Коворкинг орталығында" жастар арасында "Өркендеуші ел - сыбайлас жемқорлықсыз ел" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ парызымыз" атты дөңгелек үстел өткізілді.Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқтық мағұлмат беру, саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, жастардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР- на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге адамгершілікке тəрбиелеу.Дөңгелек үстелді ауылдық əкім апаратының бас маманы Нұрлан Қостанбаев ашып беріп, жас маман қазақ тіл пəнінің мұғалімі Шайхы Ербол мен ІІ курс студенті Шакизада Толғанай өз ойларын ортаға салды.
Аудандық балалар кітапханасында "Жазғы оқулар" жобасының кезекті шарасы 'Ойын ойды қозғайды" тақырыбындағы кітапханалық уик-энд болып өтті.Шара мақсаты: оқырмандардың каникул күндерінде кітап оқуға насихаттау, жеке тұлға ретінде шығармашылық қабілеттерін ашу, ой мен дене белсенділігін арттыру. "Жұлдыздар" мен "Жалын" тобына бөлінген оқырмандар əр кезең бойынша ой бөлісіп, өнер жарыстырып, түрлі ойындар ойнады
Бүгінгі таңда соңғы технология әдістерін қолданудың тиімділігі зор. Интернет ресурстардың ішіндегі ең қажетті және маңыздысының бірі – электронды сандық кітапхана. Бұл электрондық топтаманың құндылығы біріншіден өлкетанулық қажетті ақпаратты тез арада тауып, жедел қол жеткізуде. Осы орайда аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Электронды кітап-оқырманға» атты электронды кітап оқу акциясы ұсынылды. Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану – кітапхана қызметінің сапасын арттырып, оқырмандар санын толықтырып, рухани құндылықтарымызды қолжетімді ету. Заман талабы да осыны міндеттейді.
Аққұм ауылдық кітапханасының "COWORKING" орталығында "Жазғы кітапхана" жобасы аясында жас оқырмандардың қатысуымен "Менің арманым" атты сурет салу сабағы өткізілді. Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырып, жазғы демалыс уақытында оқуға ынталандыру, өз достарымен қызықты шараларға, жазды қызықты өткізуге шақыру.
Кітап - тарих, шежіре! Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы! Кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры. «Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес» - деген еді Серке Қожамқұлов. Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай кітапхананың Коворкинг орталығында «Кітап – рухани жаңғырудың құралы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жастардың білімін рухани байыту.












