Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

26 қазан күні Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың 95 жылдығына орай "Ер еңбегімен еңселі" атты танымдық сағат өткізілді. Ұзақ Еспанов - ақын, Социалистік Еңбек Ері 1928 Жылы Жалағаш ауданының қазіргі Темірбек Жүргенов ауылында туған. Еңбек жолын 1944 жылы бастаған. 1951 жылы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1951-1963 жылдары мұғалім, оқу бөлімінің меңгерушісі, партия комитетінде, "Қазақстанның 20 жылдығы", "Мәдениет", "Еңбек" ұжымшарларында директор болды. 1985-1990 жылдары ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып, 6 рет Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысқан. "Октябрь революциясы", "Ленин" ордені, 2 рет "Еңбек Қызыл Ту" ордені, "Орақ пен Балға" алтын медалі, "Социалистік Еңбек Ері", Жалағаш ауданының "Құрметті азаматы" медалінің иегері. "Сыр күріші - ел ырысы", "Өрелі өзгерістер", "Көңілім көктем", "Шуақты күн" кітаптарының авторы.              
  Есет батыр ауылдық кітапхансында 25 қазан Республика күніне орай "Туған жерім- қасиетті мекенім Қазақстан" атты 7 сыныптар арасында эссе байқау ұйымдастырылды. Байқау нәтижесінде жүлделі 1 орынды Ш.Әбдіқайыр. 2 орын А.Құдайберген, 3 орын С.Сәбитқызы иеленді.Жүлделі орын иелерін алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табысталды. Байқау соңында кітапханашы "Мәңгілік ел - Қазақстан " атты кітап көрмесімен таныстырды.                          
Есет батыр ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі Оралхан Бөкейдің туғанына -80 жыл толуына орай «Алтайдың ақиығы» атты тақырыпта жазушының «Қайдасың қасқа құлыным» шығармасына талдау жасалды. Мақсаты: Белгілі жазушы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығымен танысу. «Қайдасың, қасқа құлыным» повесі туралы мағлұмат беру. Әңгімедегі кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау барысында өмір шындығын таныту, шығармадан алған білімдерін қорыту. Оқушылардың білімді өз ізденістерімен игеруіне түрткі жасай отырып, шығармашылық ізденістеріне жол ашу, көркем сөйлеуге, әдеби тілдерінің дамуына ықпал ету. Оқырмандар «Қайдасың, қасқа құлыным» повесін оқып, жазушының туған жер табиғатын суреттеуіне тамсана таңырқаса, оның өз әкесіне деген балалық махаббатына сүйсіне қарады. Ал повестегі оқиға желісіне байланысты биенің егіз тууы жаман ырымға жорылып біреуін өлтіреді. Міне, осыған өкініш білдірген автор келесі туған құлынын анасы өлтіретінін суреттейді де, көңілінде қасқа құлынға деген аяныш, өкініш сияқты сезімдер пайда болады. Ескі ырымға сенбей құлынды өлтірмесе, мүмкін ол қазақтың құлагері болар еді деген ойтүйеді. «Қайдасың, қасқа құлынымның» тақырыбы да, мазмұны да оқырмандардың пікірінше осылай ашылады. Көпшілік оқырманды қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешіп, өмірден ерте кеткен, артына мол мұра қалдырған Оралхан Бөкей шығармаларын оқуға шақырамыз.              
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 1 қазан -Қарттар күніне орай "Көңілі дария, жүрегі дархан, ақ көңіл асыл қариялар" аттты кітап көрмесі ұйымдастырылды.                  
Аудандық балалар кітапханасында 5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күніне орай 3 сынып оқырмандары арасында "Тәрбие басы - тіл" тақырыбымен әдеби сайыс өткізілді. Сайыс 4 тур бойынша өткізілді.Шарада "Өз тілің - бірлік үшін, өзге тіл - тірлік үшін" тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды.
Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 5 — қыркүйек Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай, ұлттық сана сезімі мол, Отанын, ана тілін, сүйетін ұрпақты тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін кеңінен насихаттау мақсатында «Тіл — халық мұрасы» атты мектеп аралық білгірлер сайысы болып өткізілді. Жеңімпаздар жүлделі орындармен және Алғыс хаттармен марапатталды
Көтеріңдер демеймін даңқымды ерен, Менің құным өлшенбес алтынменен. Еске алыңдар тек қана ара тұра, Мен қашанда біргемін халқымменен - деп өзі айтып кеткендей,Сыр өңірінің руханиятына өзіндік үлес қосқан танымал журналист,Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, " Жалағаш жаршысы" газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған Жұмабек Әбжәмиловтың шығармашылығын насихаттау, қаламгердің адами болмысын ашу мақсатында аудандық кітапхана және Халықаралық"Қазақ тілі "қоғамы аудандық филиалының ұйымдастыруымен"Халқы сүйген қаламгер" атты ғылыми жоба өткізілген болатын. Жоба екі кезең бойынша өтті: 1 кезең - журналистің өмір жолы мен шығармашылығын зерттеу 2 кезең- журналистке арнаған арнау өлеңдерін оқу немесе эссе жазып келу. Соның нәтижесінде осы жобаға қатысқан қатысушыларымыздың зерттеу жұмыстары, арнау өлеңдері, эсселері жинақталған,"Халқы сүйген қаламгер"атты кітаптың тұсаукесер рәсімі болды.Кітап "Қазақ тілі" қоғамы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Дина Мирман апайдың қолдауымен жарыққа шығып кітапхана қорына сыйға тартылды.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni