«Туған елім-тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, менде бірге өсемін, Өшсе, тілім, мен де бірге өшемін!»-деп, ақын Әбілда Тәжібаев жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Осы орайда, аудандық кітапханада 5 қыркүйек-қазақ тілінің тұңғыш реформатыры, Алаш арысы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен сәйкес келіп отырған Қазақстан халқы тілдер күніне орай «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» аудандық жыр мүшәйра ұйымдастырылды. Мүшәйраға аудандағы жаны жырға құмар оқырмандарымыз қатысып, өз бақтарын сынады. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі I орынды Т. Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Манасұлы Уәлихан, ll орынды З. Жарқынбаев атындағы №202 мектептің 9 сынып оқушысы Кәрім Сәния, lll орынды Мырзабай ауылынан Жаңбырбай Дінмұхаммед иеленсе,қалған қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен "Кітап және отбасылық құндылықтар" жобасы аясында "Менің отбасым " атты отбасылық оқу үрдісі жалғасуда.Қазақ халқының рухани байлықтарының бірі - отбасы құндылығы.Халқымызда "Отан отбасынан басталады" -деген нақыл сөз де өзгермек емес.Осы орайда отбасы құндылығын нығайтудың бір жолы білімді де саналы ұрпақ қалыптастыру.Ұрпақ тәрбиесі -ұлт болашағының кепілі.Осы сөзіміздің бір дәлелі аудандық кітапхананың тұрақты оқырманы Иманбердиевтер отбасы.Отбасындағы ардақты әже Зәуребаева Айнаш өз немерелерін кітап оқу арқылы тәрбиелеп,қоғамның бір кірпіші болып қалануына өз үлесін қосуда.
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына 30 кітап "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында Иран Ғайыптың " Қорқыттың көрі" пьесалар жинағынан онлайн форматта тарихи шолуын ұсынамыз.Қазақ әдебиетін көпшілікке танымал ету, қоғамның кітап оқуға және Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылығын арттырып өскелең ұрпақтың рухани дамуына ықпал ету.
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда "буккроссинг" қозғалысын кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы. "Оқы және өзгеге ұсын" қағидасына негізделген. Осы мақсатта аудандық кітапхана қызметкерлері орталық алаңда буккроссинг акциясын өткізді. Бибігүл Иманғазынаның "Тауқымет" пен Дамира Өмірзаққызының "Адамзаттың асыл тәжі" кітабы мен тағы да басқа әдебитеттер аудан тұрғындарына оқуға таныстырылып, ұсынылды. «Адамды адамзатқа айналдырған кітап» атты ұлы құдіреттің асыл қасиетің барша жұрттың жүрегіне тегіс жеткізе алсақ, шынында да көп адам бақытқа кенелмейме.
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен "Жүрек жылуы" жобасы аясында 3 топ мүгедегі оқырманымыз Сүгерова Жасминге " Жүрегім толы мейірім" атты 4D форматындағы "Big Dream" компаниясының кітап топтамаларына танымдық ақпарат жұмыстары жүргізілді. Ұялы телефонға "Big Dream" мобильді қосымшаны тегін жүктеп, 4D белгісі бар бетке камераны бағыттаңыз. Кітап екі тілде жазылған, кітапта әріптердің дыбысталуы, сөздердің айтылуы берілген.Кітап анимациялар мен әдемі дизайындармен жабдықталған
2021 жыл «Бір ел- бір кітап» акциясы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылының тумасы,белгілі қаламгер Т.Нұрмағанбетов әңгімелер жазуда өнімді еңбек етті. Әңгімелерінің көбі ауыл өміріне арналған.Жазушының еңбектерінде ауыл қарияларының болмысы,үлкеннің кішіге, кішілердің үлкенге ізеті, халықтық, ұлттық қағидаларымыз шынайы суреттелген. Қай еңбегін оқысаңызда кейіпкердің ой- сезімін, әрекеттерін нанымды суреттеумен қатар өмірдің өзекті мәселелерін де қозғай білген. Өмір бар жерде- жазу бар. Адам бар жерде- жазушы бар. Ықылым заманның сырын топыраққа, тасқа, қалдырған адамзат баласы қай заманда да, өмірін жазуға құмар болыпты. Адам өмірінің қағидасы, тіршілігінің заңы, тарихы тоқтаусыз жазылыпты. Ендеше өмір толассыз қатер ғой. Жазушы сол қатерді жазады Т. Нұрмағанбетовтың «Періштелердің өлімі» романы оқырман ойын сан- саққа жүгіртеді. Қаламгер бұл шығармасында бүгінгі заманның ащы шындығын, шұрайлы тілімен суреттей отырып, сан алуан тағдырлы адамдардың көркем бейнесін сомдайды. Ауыл өмірін жақсы білетін сөз зергерінің жаңа романы бірін- бірі толықтырып, дамытып отыратын оқиғалар желісі арқылы да оқырманын бірден баурап алады. Осыған орай Еңбек ауылдық кітапханасында жазушының бұл толымды еңбегін насихаттау мақсатында «Тағдыр тәлкегі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Автор шығармасында өмірдің боямасыз, ауыр кезеңін шынайы суреттей келе, өзінің жеңіл жібек әзілі арқылы, өмір өз ағысымен аға беретінін оқырманына әдемі жеткізеді.
"Бір ел - бір кітап" акциясы Биыл ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап"рухани - мәдени акциясы аясында, Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебаб ғылыми кітапханасының "11 аймақ оқиды" өңірлік онлайн оқу акциясына жергілікті жазушы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Тынымбай Нұрмағанбетовтың "Періштелердің өлімі" атты романын оқу ұсынылып отыр.Осыған орай аудандық кітапханада, бүгінгі заманның ащщы шындығын суреттеген, сан алуан тағдырлы адамдардың көркем бейнесін сомдаған "Тоғысқан тағдырлар" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.












