Елімізге танымал белгілі зерттеуші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы» Тынышбек Дайрабайдың 80 жасқа толуына орай Жаңаталап ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен атты өмірі мен шығармашылығына арналған аймақтық шара болып өтті. Әдебиетке, мәдениетке, жалпы руханиятқа деген құштарлығы Сыр өңірінде ғұмыр кешкен ақын-жыраулар, батырлар мен би-шешендер, ел бастаған көсемдер мен көрнекті тұлғалардың өмірі мен шығармашылық жолына деген қызығушылықтың әсерімен Тынышбек ағамыз журналистік қызметін зерттеушілікке ұластырды. Осылайша өлкетану оның шығармашылығының бір бағыты іспетті қоғамдық қызметіне айналды. «Тоғанас батыр», «Сырдың сырлы сыры», «Сыр перзенттері», «Темірбек Жүргенов», «Қорқыт Ата» энциклопедиясы, «Билер сөзі – киелі», «Сыр елінің ескерткіштері», «Кете Шөмекей», және басқа зерттеу еңбектері – қаламгердің тынымсыз еңбегінің жемісі. Тынымсыз ізденгіштік, еңбек¬сүйгіштік қасиеттерімен көпке үлгі болған Тынышбек ағамыздың өмірі мен шығармашылығын өнеге тұтқан жас жеткіншектеріміз көптеген мағлұматтармен бөлісіп, арнау өлеңдерін оқыды. Шара соңында белсене қатысқан оқырмандарымыз Алғыс хаттармен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.
Аудандық кітапхана және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен жергілікті журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Жалағаш жаршысы» газетінің жуапты хатшысы қызметтерін атқарған Жұмабек Әбжәмиловтың шығармашылығын, қаламгердің адами болмысын ашу, журналистика саласына сіңірген еңбегін насихаттау мақсатында «Халқы сүйген қаламгер» атты аудандық ғылыми жоба ұйымдастырылды.Жүлделі І орынды Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Мархабай Оралхан иеленді, жетекшісі Досқалиева Ұлжан.Жүлделі ІІ орындарды Зейнолла Жарқынбаев атындағы №202 мектептің 8 сынып оқушысы Әбдімәлікқызы Жаңыл, жетекшісі Досжанова Әлия және Әбдікәрім Оңалбаев атындағы №117 мектептің 8 сынып оқушысы Әпір Нұрай, жетекшісі мектеп кітапханашысы Тулегенова Гүлбану олжаланса, ІІІ орындарды №188 мектептің 7 сынып оқушысы Қыпшақбай Балнұр, жетекшісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Заманбекова Аққенже, Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Қайрулла Зере, жетекшісі Бектаева Ақбөпе және Шекер Ермағанбетова атындағы №246 мектептің 7 сынып оқушысы Қодар Ернұр, жетекшісі Тасқараева Зухра иеленді. Барлық қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. және сыйлықтармен марапатталды.
Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектеп оқушылары арасында көрнекті театр және кино актері, режиссер, өнер қайраткері, ұстаз, Қазақстанның Халық әртісі, "Отан","Құрмет","Қазақстанның Еңбек ері" орденінің иегері Асанәлі Әшімовтің 85 жасқа толуына орай " Сахна төріндегі тарлан" атты ақпарат сағаты өткізілді.
Отбасы адам баласының өсіп өнер алтын ұясы. Әр бала ұлттық рухани құндылықтарды алдымен отбасында ата- атаның тәрбиесінен бойына сіңіреді. Ендеше ұлттық тәрбие- ұлт болып, ел болып ертеңге қадам басудың негізі болмақ. Еңбек ауылдық кітапханасында 15 мамыр «Отбасы күні» мерекесіне орай, «Парасат жолы» жобасы аясында «Отбасы және жас маман» атты сыр сұхбат өткізілді. Еңбек ауылының қазыналы қарттары, ардагер ұстаздар қауымы, жас мамандар және мектеп бітіруші түлектер қатысып өз ой-пікірлерін ортаға салып ой бөлісті. «Ақжүніс» балабақшасының бүлдіршіндері өз өнерлерін тарту етті. Отбасы құндылықтарын әр кез құрметтейік, әр отбасында сүйіспеншілік, татулық, бірлік болсын!
Ұлы жеңіске 77 жыл толуына орай, ата-бабаларымыздың ерен ерліктерін мәңгі есте сақтап, рухани тағзым ету ретінде жадымызда мәңгі ұстаймыз. Қанша уақыт өтсе де, ұлы жеңіс жолында ерлікпен қаза тапқан, Отан үшін от кешкен батыр бабаларымыз ел есінде мәңгі сақталмақ. Сұрапыл соғыстан елімізді аман сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған қазақ батырлары тарих төрінен мәңгілікке орын алады. Осы мақсатта аудандық кітапханада «Мәңгі есте қалған күн» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға қатысушы жастар тыныш та бейбіт күнге жеткізіп бақытты өмір сыйлаған қаһармандарымыздың ерлігін насихаттайтын өлеңдер оқып, жырдан шашу шашты.
Мәдениет ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу, қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушының шығармаларын насихаттау мақсатында Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты аймақтық акция – сайысы өткізілді.
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Халықтар арасындағы достықты нығайту, қарым-қатынастарын қалыптастыруды, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу мақсатында, 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астындағы ел» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші өткізіліп, «Халықтар достығы бірлікте» атты кітап көрмесі ұсынылды.












