Aудандық кітапханада адалдық пен парасаттылықты, ізгілік пен әділдікті дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіру мақсатында «Адалдық алаңы» жобасы аясында ашылған «Парасат жолы» орталығының ресми ашылу болып өтті. Пайымды пікірлер мен орамды ойлар ортаға салынған шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, әділдіктің қоғам өмірінде алатын орны мен шалқар шығармалардың оқырманға беретін тәлім-тәрбиелік рөлі сөз болып, құнды қасиет парасаттылықтың маңыздылығы талқыланды.
Аудандық кітапханада Шығыстың ғұламасы, ұлы ұстаз Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Шоқтығы биік-шығыс ғұламасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлы ұстаз Әл-Фарабидің өзінен кейінгі мәдениетке, Шығыс және Орталық Азия халықтарына, соның ішінде түркі жұрты мен қазақ халқының мәдениетінің дамуына қосқан орасаң зор еңбегін жас ұрпаққа насихаттау.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын тойлау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Аталған құжатқа сәйкес, 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы кеңінен тойланады.
Аудандық кітапхананың Коворкинг орталығында «Жас қалам» клубы аясында жергілікті жас ақын Жасұлан Серіктің шығармаларын насихаттау мақсатында «Жүректен шыққан сырлы сөз» атты аудандақ байқау өткізілді. Ән ұялаған, жыр қонған киелі Жалағаш өңірінде өлең, жырдың өресін ұзартып, өркенін жайған өршіл таланттылар аз емес.
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Әлем таныған тұлға» атты пікір-алмасу кеші өткізілді.
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай "Жырлайды жүрек" атты Мұқағали оқуларынан байқау өткізілді. "Ғасыр ақыны" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бұқарбай батыр ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Қыс келбеті" тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Мақсаты: Қысқы табиғат ерекшеліктерін, әсемдігін сезініп, оны бейнелей білуге үйрету. Әділ қазылар алқасы: Кеңесова Гүлжанар көркем еңбек пәнінің мұғалімі, Есқалиева Нұржайна қолөнер үйірмесінің жетекшісі.












