«Ең үздік оқырман» бенефисі Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша кітап оқу мәдениетін ілгері жылжыту, кітап оқымайтын оқырмандарды кітапханаға тарту,ең үлгілі көркем әдебиет туындылары арқылы оқырман бойында адамгершілік және рухани тәрбиені қалыптастыру мақсатында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ең үздік оқырман» бенефисі өткізілді. Кешті аудандық кітапхана директоры Ұ.Меңдібаева ашып берді. Оқырман бенефисінің басты қонағы, кітапхананың тұрақты оқырманы, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құлмахан Қожантай ағамыз болды. Ағайдың кітапхана қорынан осы уақытқа дейін көркем әдебиет және басқа салалар бойынша оқыған кітаптар саны – 255 ке жетіп отыр. Сонымен қатар Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері Ә.Әлішбаева, Р.Сабытовалар әннен шашу шашса, аудандық әуез мектебінің қызметкері С.Қайранбаев домбырадан күй шертті. Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» бөлім басшысы Н.Сералы ағайға деген жылы лебізін білдіріп, аудандағы, ауылдағы ерікті жастармен алдағы уақытта жұмыс жүргізетіндігін айтып өтті. Дәуімбай елді мекенінің тұрғыны, кітапхана оқырманы Ертуғанов Сейітмахан атамызда оқыған кітаптарынан сыр шертті. №201 мектеп – лицей ұлан оқушылары да көкейінде жүрген сұрақтарын ортаға салды. Сондай – ақ аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі Н.Алмасқызы да сөз кезегін алып, алғысын білдірді. Музей қызметкері Т.Қозыбағаров ағай туралы сөз қозғап, жастарға кітап оқуға шақыратындығын айтты. Кеш соңында Қожантай ағайға, оқушыларға кітаптан сыйлық берілді. Кеш өте әсерлі, қызықты өткізілді.
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен бүгінгі Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауғанның отты жалыны» атты әдеби сазды тарихи кездесу кеші өткізілді. Кештің мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, оқушылардың ерлік қабілеттерін кеңейту. Тарихи оқиға туралы мәлімет беру. Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
1979-1989 жылдар арасында Ауғанстанда болған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағынан, соның ішінде Қазақстаннан 22 269 жауынгер қатысып өз интернационалдық борышын аброймен өтеді.Олардың 924-і осы сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, ал мыңдаған қазақ жігіттері елге мүгедек болып оралды.Қаншама адамның өмірін қыршынынан қиған Ауғаныстан соғысына үстіміздегі жылы 30 жыл толып отыр, осыған орай аудандық кітапханада "Өткенге мұрағат-өркенге ұлағат" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап көрмесінің мақсаты: жастарға Ауған соғысының тарихы туралы, ол соғыста болған жерлестеріміздің ерлігі туралы ақпараттар беру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Латын әліпбиін енгізудің ұйымдастырушылық міндеттері» тақырыбындағы көшпелі семинар-тренинг Жалағаш аудандық орталық кітапханада жаңадан ашылған "COWОRKING" орталығында өткізілді. Қатысушылар орталық мамандарының дайындаған тапсырмаларын белсене орындап, жаңа әліпбиді үйренуге деген ықыластарының ерекшелігін байқатты. Шараның мақсаты: латыннегізді жаңа әліпбиге көз үйрету, біртіндеп дағды қалыптастыру.
Аудандық кітапханада Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын аудан жастарына насихаттау мақсатында "Ұлы даланың жеті қыры-ұрпаққа ұлағат" тақырыбында пікір алмасу кеші өтті. Кештің мақсаты:түркі әлемінің алтын бесігі саналатын еліміздің әлемдік деңгейде танылған мәдени мұрасын жастарға таныстырып,әрбір жасқа өзінің туған жерінің қасиетін ұғындыра отырып, мақтану сезімін ояту.
14 желтоқсан күні аудандық кітапханада COWORKING орталығы ашылды. COWORKING орталығының ашылу тұсау кесер рәсімін кітапхана ардагерлерімен бірге аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов Айтбайұлы жаңа орталықтың лентасын қиды.COWORKING орталығында жастардың білімін жан-жақты көтеру мақсатында түрлі іс шаралар ұйымдастырылып отырады. Оқырман қауымы жаңа технологиямен жабдықталған бұл орталықта интернет желісің пайдалана отырып, еркін түрде кітап оқып және спорттық ойын түрлерімен айналыса алады.
Жалағаш аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Үздік кітапханашы - 2018» атты кітапханалық шоу- байқауы мамандар арасында өткізілді. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір десек, ал кітапханашы - кітапхана тірлігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы екені даусыз. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы айтып жеткізу мүмкін емес. Байқаудың шарты: 1 - визитка:кітапхана – мақтанышым - кітапхана мен мамандықты жарнамалау; өзін-өзі таныстыру /видео-ролик/ 2 - есімдер калейдоскопы - әдеби құпия; /Бір ел -бір кітап/ /сүрақ- жауап/ 3 - өз- өзіме шебермін - /өнер көрсету/ /ән, би, мәнерлеп оқу,салат түрлері/ 4 - кітапханалық лото – шеберлікті шыңдау/сұрақ-жауап/ 5 - білу сенің міндетің- /кәсіби мамандыққа байланысты сұрақ- жауап/ Кітапханалық шоудың басты мақсаты: мамандарымыздың шығармашылық жетістіктерін айқындау, жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін енгізуге ықпал ету, ұжымда позитивті жұмыс дәстүрін қалыптастыру, кітапхана мен оның қызметкерлерінің имиджін нығайту болды яғни, кәсіби мамандыққа тән шеберліктерін жоғарылату. Байқау соңында жеңімпаздар қазылар алқасының шешіміне сәйкес кітапхананың дипломдарымен, алғысхаттармен және сыйлықтармен, номинациялармен марапатталды. І дәрежелі дипломмен – Аққұм онлайн орталығының кітапханашысы – Ақтоты Көшекбай ІІ дәрежелі дипломмен – Аудандық кітапхананың кітапханашысы - Әйгерім Шарапатова ІІІ дәрежелі дипломмен – Балалар кітапханасының кітапханашысы -Қайырбаева Иммагүлсім марапатталды. Алдағы уақытта да үнемі ізденіс үстіндегі кітапханашылар қоғам өміріне белсене қатысып, жақсы бастамалардың жаршысы бола бермек.












