Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Таң ауылдық модельдік кітапханасында "Бір ел- бір кітап" акция аясында Сырдың перзенті, ақын драматург, әдебиет зертеушісі Ә.Тәжібаевтың шығармашылығынан "Тыңда менің сөзімді, тыңда халқым" атты тақырыпта ауыл кітапханашыларының оқырман арасында байқау болып өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: Ә.Тәжібаев туралы жас жеткіншіктерге мағлұмат беру, ұлтжанды болуға, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Аудандық кітапхана және балалар кітапханасының ұйымдастыруымен жас сурет шебері Мейрамбек Қитанавтың «Сырлы әлемге жетелеген...» атты шеберлік сағаты жастар ресурстық орталығының Коворкингінде өткізілді. Жалағаш ауданында дүниеге келген кейіпкеріміз №201 мектеп қабырғасында білім ала жүріп Оқушылар үйінің «Көркемсурет» үйірмесінде суретші Жұматай Қорғанбаевтан дәріс алған.
Мәдениет ауылдық кітапхана жанынан ашылған "Коворкинг орталығында" жастар арасында "Өркендеуші ел - сыбайлас жемқорлықсыз ел" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ парызымыз" атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқтық мағұлмат беру, саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, жастардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР- на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге адамгершілікке тəрбиелеу.
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейтойына орай, "Туған жерді жырға қосам көсіліп" атты жас ақындар арасында аудандық жыр мүшәйра өтті.Мақсаты: Туған жерге, туған елге, туған тілге деген сезімін, құрметін жырлары арқылы жеткізу. Әділ қазылар алқасының қорытындысымен Бас жүлдені № 201 мектеп-лицейдің оқушысы Өмірзақ Дидар, 1 орынды №31 мектеп гимназиясының оқушысы Айтпай Дамир, 2 орынды Жалағаш аудандық индустриялды-аграрлық колледжінің студенті Балтабай Ұлмекен және №123 мектеп-лицейдің оқушысы Сансызбай Гауһар, 3 орынды № 201 мектеп-лицейдің оқушысы Оңғар Нұртөре және №123 мектеп-лицейдің оқушысы Смағұл Димаш жеңіп алса, белсене қатысқан жас ақындар алғыс хаттармен марапатталды. Жүлделі орын алған қатысушылардың өлеңдері жас талапкер ақын Райымқұлова Мөлдірдің "Ақбаян" кітабына енгізілетін болады.
Аудандық кітапхананың Коворкинг орталығында аудандық ішкі істер бөлімі мен кітапхананың ұйымдастыруымен 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні және 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай «Татулық - достықтың киелі бесігі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.
Еуропа елдерінде бірнеше жыл бойы көше кітапханалары жұмыс істеп келеді. Ол жерден кез-келген азамат ұнатқан кітабын алып кете алады. Ол үшін оқырман билеті керек емес. Жалағаш ауданында қолға алынып, «Көше кітапханасы» ашылған болатын. Осы жобаға ұқсас кітап сүйер қауымға тосын сый жасап 6 ауылдық округінде Бұқарбай, Еңбек, Есет батыр, Жаңадария, Таң, Жүргенов ауыл тұрғындарына «Көше кітапханасы» ашылды.
Аудандық кітапхананың оқырмандар бөлімінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл-халық қазынасы» атты дөңгелек үстел өткізіліп, «Мемлекеттік тіл-ұлттың негізі» атты көрме қойылды. Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni