Таң ауылдық модельдік кітапханасында "Бір ел- бір кітап "акция аясында Сырдың перзенті,ақын драматург,әдебиет зертеушісі Ә.Тәжібаевтің шығармашылығынан "Тыңда менің сөзімді, тыңда халқым" атты аудандық байқау болып өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: Ә.Тәжібаев туралы жас жеткіншіктерге мағлұмат беру, ұлтжанды болуға, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру. Байқаудың шарты:1.Ә.Тәжібаевтың прозалық шығармаларынан мәнерлеп оқу.2.Ә.Тәжібаевтың поэзиялық шығармаларын мәнерлеп оқу. Байқауды ауыл әкімі Ә. Байнахатов ашып беріп, №118 орта мектеп оқушылары Ә.Тәжібаевтің "Көтерілген күмбез" атты драмасынан көрініс қойды. Байқау соңында жеңімпаздар қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Аудандық кітапханада "Ескерткіштер елге мұра, ұрпаққа аманат" атты 18 сәуір-Ескерткіштерді қорғау күніне орай көрме ұйымдастырылды. Дүниеде өзгермейтін ештене жоқ.Заман да ,заң да,адамдар да өзгереді екен. Бірақ əлемде қанша өзгеріс болса да,оның сонау уақыт таңбасын бойына сіңіріп, халқымен бірге жасай беретін өмірдің бір саласы бар.Ол-атадан балаға үзілмей жалғасын тауып келе жатқан,өткен дəуірде өмір сүрген ата-бабаларымыз туралы сыр шертетін тарихи-мəдени мұралар. Халқымыздың мəдени-рухани құндылықтарының бірі,тарихи-мəдени мұралар барлық уақытта,ұлттық сананы жаңғыртып,халықтың дəстүрі мен асыл қазынасын дамытып,адам бойына рухани ізгілік нұрын себудің қуатты құралы болып келеді.Осындай тарихи маңызы бар игі шаралар мен көрмелер алда да өз жалғасын табары сөзсіз. Жалпы ұлттық дəстүрімізді жаңартып,ұлттық санамызды оятып,елеусіз қалуға айналған ата-баба рухын қастерлеп,халық арасында насихаттап кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында баршамыз болып күш жігерімізді жұмылдыруымыз қажет.
Есет батыр ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырманы зейнеткер Пірманов Мұқан ағаймен «Ең үздік оқырман» атты оқырман бенефисі өткізілді. Мақсаты: Ұлт мәдениетінің ең құнды бейнесі саналатын кітап оқуға деген құштарлықты арттыру.Кітап оқу арқылы сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу.
Аудандық кітапханада Наурыз мерекесіне орай сала ардагерлердің қатысуымен «Наурыз келсе, құт келгені» атты мерекелік кеш өткізілді.
Аққұм ауылдық онлайн кітапханасында 8 - наурыз Халықаралық əйелдер күніне орай "Ана -ұлт тəрбиешісі" атты батыр аналармен дөңгелек үстел өткізілді. Аналарымызға кітапханамыздың кішкентай оқырмандары өз-өнерлерін көрсетті.
Еңбек ауылдық кітапханасында 8 Наурыз мерекесіне арналған «Қыздарға әсемдік жарасады» атты сынып аралық қыздар сайысы өткізілді.
Аққұм ауылдық онлайн кітапханасында 8 наурыз Халықаралық əйелдер күніне орай "Ана -ұлт тəрбиешісі" атты батыр аналармен дөңгелек үстел өткізілді. Аналарымызға кітапханамыздың кішкентай оқырмандары өз өнерлерін көрсетті. Мақсаты: Жас батыр аналарымызды мерекесімен құттықтау.Əлемдегі ең асыл жан ол - Ана екенін жас ұрпаққа жеткізу.












