Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

                             Әр адам өз өмірінің сәулетшісі деген осы бір қағидалы сөзіміздің кейіпкері Табынбаев Қаһарман Тоғызбайұлының «Кемеңгер» атты ғұмырбаяндық кітабының тұсау кесер рәсімі облыс орталығында өткізілген, енді міне бүгін аудандық кітапхананың кітап қорын толықтырып, осы кітапты табыстау рәсімі болып өтті. Бұл кітап-есімі еліне танымал мемлекет және қоғам қайраткері қиындығы мен қызығы қатар жүрген Табынбаев Қаһарман Тоғызбайұлының балалық шағы, өсу мен өрлеуге толы еңбек жолынан сыр шертеді. Кейіпкеріміздің бұл ғұмырбаяндық кітабы педагогикалық құндылық пен көркемдік шығармашылықты жинақтаған еңбектің нәтижесі. Осы ғұмырбаяндық кітаптың табыстау рәсімін аудан әкімінің орынбасары Еспенбет Жасұлан Ерданұлы ашып беріп, арнайлы шақырылған зиялы қауым өкілдері, Сыр өңірінің өркендеуі мен дамуына зор үлес қосқан тұлғанын ғұмыры жөнінде естелік айтылды. Ұлттық өнердің насихатшысы, жыршы, «Кемеңгер» атты ғұмырбаяндық кітаптың құрастырушысы Саймағанбетов Берік Рахманұлы және бүгінгі кейіпкеріміздің қызы осы кітаптың жарыққа шығуына себепкер болып, естеліктерді жинақтаған Табынбаева Жаннат Қаһарманқызы кітапханаға
          Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен журналист Қази Данабаевтың туғанына 70 жыл толуына орай "Қаламы ұшқыр- қаламгер" атты портрет кеші өтті. Мақсаты: журналист туралы оқырмандарға мағлұмат беру, жастардың бойына адамгершілік, патриоттық сезім ояту.
     Аудандық кітапханада «Невада - Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 32 жыл толуына орай өкілдерімен кездесу кеші өткізілді. Алғы сөзді аудандық «Невада - Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұматай Қорғанбаев сөйлеп,қоршаған ортаны таза ұстауға, туған елдің табиғатының адамдардың әсерінен бұзылуына жол бермеуге атсалысуға шақырды. Сонымен қатар Әл – Фараби атындағы №201 мектеп – лицейінің кітапханашысы А.Искакова, жоғары сынып оқушылары, аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығының қызметкері О.Син әннен шашу шашты. Кездесу кешін кітапхана директоры Ұ.Меңдібаева қорытындылап, қатысушыларға кітаптан сый-сияпат жасады. Мақсаты: «Невада --Семей» азаматтық қозғалысы жайында, құрылу мақсаты, жетекшілері туралы мәлімет беріп, түсіндіру.Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын ,мазмұнын толық айту қабілеттерін дамыту.
    Көктемнің алғашқы күні мен тұспа—тұс келген, Қазақстандағы өзге этнос өкілдерін қиын-қыстау кезінде құшақ жая қарсы алған, кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтатын күн деп саналатын 1 Наурыз — Алғыс айту күніне орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «» атты кездесу кеші өткізілді. Кештің арнайы қонағы болып, әркез ертеңгі өмір үшін аянбай еңбек етіп, өз уақытын аямай, талай шәкіртіне білім дарытқан ұлағатты ұстаз, зейнеткер, "Қазақ тілі" қоғамының Жалағаш аудандық филиалының төрайымы, "Достар мекені" бірлестігінің жетекшісі Дина Мирман шақырылып ұлағатты сөздерімен ой бөлісті.
Аудандық кітапханада "English club" үйірмесінің ұйымдастыруымен оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, ағылшын тіліндегі кітаптарды оқырманға кеңінен таныстыру мақсатында букбинго өткізілді. Үйірме оқушыларға сыныптан тыс қосымша әдебиеттерді оқыту, рефераттар жаздырту, ағылшын тілінен кештер өткізіп білімін шындауға жол ашады
                   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Кітап-сенімді серігің" тақырыбында «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының бастамасымен партия филиалының «Мәдени мұра», «Дарын», «Жастар» бастауыш партия ұйымдарының бірлесіп ұйымдастыруымен кездесу кеші ұйымдастырылып өтті.Кездесудің басты мақсаты: оқырмандардың мәртебесін көтеру,кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ел тәуелсіздігінің қадір-қасиетін ұғындыру, достық қарым-қатынасты орнату.«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға бес жанр бойынша 30 кітап таңдалды. Оқырман қауымға «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» тізімі ұсынылды.Жалағаш аудандық балалар кітапханасынан Орынбек Мәди Нұрымжанұлы да ең кішкентай тұрақты оқырман болып қатысып, рухани бай кісілерден алған азығын үйге келіп менімен бөлісуде. Абай Құнанбайұлының "Ескендір" поэмасын, М.Мақатаев "Үш бақытым" Тәуелсіздік туралы жыр шашуларын, "Қожанасыр хикаялар", көптеген ертегі кітаптар,төрт түлік және т.б оқыған кітаптарын оқығанын еркін айтып өтті.
                         Аудандық кітапханада «Невада - Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 32 жыл толуына орай өкілдерімен кездесу кеші өткізілді. Алғы сөзді аудандық «Невада - Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұматай Қорғанбаев сөйлеп,қоршаған ортаны таза ұстауға, туған елдің табиғатының адамдардың әсерінен бұзылуына жол бермеуге атсалысуға шақырды. Сонымен қатар Әл – Фараби атындағы №201 мектеп – лицейінің кітапханашысы А.Искакова, жоғары сынып оқушылары, аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығының қызметкері О.Син әннен шашу шашты. Кездесу кешін кітапхана директоры Ұ.Меңдібаева қорытындылап, қатысушыларға кітаптан сый-сияпат жасады. Мақсаты: «Невада --Семей» азаматтық қозғалысы жайында, құрылу мақсаты, жетекшілері туралы мәлімет беріп, түсіндіру.Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын ,мазмұнын толық айту қабілеттерін дамыту.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni