Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

           "Чернобыль апаты-ғасыр дерті" Чернобыль апатының орын алғанына 36 жыл толуына орай, апат зардаптарын жоюға қатысқан сарбаздардың жанкешті ерліктерін насихаттау мақсатында аудандық кітапханада "Чернобыль апаты-ғасыр дерті" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
             Тәуелсіздіктің ордалы отыз жылдығын толағай табыстармен, жаңашыл да жарқын жобалармен қарсы алған еліміздің даму мен өркендеудің өрелі жолын таңдап отыр. Тура жолға бастап, елдегі саяси, мәдени, рухани, әлеуметтік, білім мен ғылым саласының заманауи бетбұрыспен қарыштап дамып, жаңа бағдарға түсуіне ықпал еткен маңызды құжат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған "Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауы болды.         Жолдауды насихаттау мақсатында "Жасампаздық пен өрлеудің кепілі-Жолдау" атты ақпарат шолуы ұйымдастырылды.
"Қорқыт—түркі әлемнің абызы"      Аудандық кітапхана "Қорқыт—түркі әлемнің абызы" атты бейне шолуды ұсынады. Қорқыт ата VIII-IX ғасырларда Сырдария өзенінің бойында дүниеге келген. Қорқыт – ерте заманда өмір сүрген, қобыз аспабын жасап шығарған атақты адам. Қорқыттың 20 ға жуық музыкалық шығармасы белгілі. Қорқыт өлгенімен, оның есімі қобыздың ішектерінде және адамдардың жүрегінде мәңгі қалды.
        Қазақтың біртуар азаматы - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл.       Дінмұхамед Ахметұлы - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО, шет ел ордеңдері мен медальдерінің иегері. Ол отыз жылдан астам уақыт ел басқарды.      Дінмұхамед Қонаев 12 қаңтар 1912 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. Еңбек жолын 1936 жылы Мәскеудегі алтын және түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Қоңырат кенішінде бастады. Ол дипломын Қоңырат карьерінің қуаттылығын 90 мың тонна қара мыс беруге жеткізу жөнінде жазып, оны үздік бағамен қорғап шығады. Өзі жұмыс істеген үш жылда бұрғылау станогінің жұмыскерлігінен бастап цех бастығы, рудниктің техника бөлімінің меңгерушісі, бас инженері, директоры болып қызмет атқарды. Димаш Ахметұлының бұрғылау станогі ескерткіш ретінде Қоңыраттың кіре берісінде мәңгілік сақталуда.     Сол жылдары Қоңырат құрылысы қарыштап дамыған еді. Д.Қонаевтың өзі тұрған үй, балабақша, аурухана, мәдениет үйі салынды. Осындай қажырлы еңбегі үшін 1938 жылдың шілде айында "Ерекше еңбегі үшін" медалімен марапатталды.     Бұл оның бірінші марапаттау белгісі еді. Аз уақытта іскер басшы, зор талап иесі болып көрінген Д.Қонаевты Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті 1939 жылы Ридер кен басқармасының директорлығына ұсынды. Өйткені Ридер полиметаллкомбинатының жұмысы, әсіресе шикізат кеніштері ақсап қалған еді. Бұл ұсыныс кенді Алтайдың экономикасын жедел көтеруге жасалған шара болатын. Сонымен Орталық Комитет жас коммунист Қонаевқа зор сенім білдірді, ауыр міндет жүктеді. Тұралап қалған аса ірі кәсіпорынның жұмысын жолға қою оңай болмасын білсе де, Димекең "жігіт аспайтын бел,жүрмес жол болмайды" деп тәуекелге бел байлады. "Қашан да бірінші болу құрметті, бірақ тыңнан соқпақ салу, мешеу елде ірі кәсіпорынды жолға қою маған оңайға түскен жоқ" деп жазады өзінің естелік кітабында.     Ұлы Отан соғысы жылдарында ол өндіріс жұмысын жоғары дәрежеде ұйымдастырушылардың қатарында ғана қалған жоқ, 1942-52 жылдары Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің орынбасары болды. Одан кейін 3 жыл Ғылым Академиясының Президенті болып қызмет атқарды. Республика Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып екі кезең-1955-60 жылдары және 1962-64 жылдары жұмыс істеді. Онан кейін Д.Қонаев республика партия ұйымын 1986 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін ширек ғасырға жуық уақыт басқарды.    Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған…
               Қазақ ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Роза Тәжібайқызы Бағлановаға биыл 100 жыл толып отыр. Осыған орай аудандық кітапханада «Күміс көмей әнші» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды. Әнші, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданында теміржолшылар отбасында дүниеге келген. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен ll-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, жаралыларға жігер беріп, зұлым жауға қарсы аттанатын ерлерге қуат берген. Оның орындауындағы " Кестелі орамал", " Ах, Самара, городок" әндері ел арасында ерекше танымал болды.
                      Аудандық кітапханада Республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» ақпараттық науқаны аясында   «Жанұя жарасымы» тақырыбында жас отбасылармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық - адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау - Конституциялық заңдылықтың басты талабы.Шараға Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің психологы Ахметова Майра, аудандық полиция бөлімінің қызметкері Ахметова Ұлбосын, облыстық дін істері басқармасының Жалағаш аудандық бөлім меңгерушісі Арыстанбек Байқабылов, “Қоғамдық келісім” КММ-нің Жалағаш ауданы бойынша сарапшысы А. Табынбай және жас отбасылар қатысып, отбасындағы тәрбиелеу жұмыстары мен сауаттылықты дұрыс бағыттауы жөнінде пікірлерін айтып, ой бөлісті.
     Аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығында аудандық кітапхана және балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі ақын, журналист Қуат Адистің «Дәрумендер дауасы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Қуат Адисұлы биылғы «Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында жас оқырмандардың тәрбиелік – танымдық, дамытушылық қырларын ашатын, еліміздің болашақ тұлғаларының қалыптасуына игі әсер ететін үлгіде кітап шығарып, ұлттық болмыстың насихатталуына үлес қосқан балалар әдебиетінің өкілі. Ақынның оқырмандарына тартулары жыл сайын республикалық басылымдар «Балдырған», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ», «Ақ желкен» журналдарында, жасөспірімдердің «Ұлан» газетіне үздіксіз жарияланып келеді. «Дәрумендер дауасы» кітабы ұрпаққа ұлттық бағытта тәрбие беруде қазақ балалар әдебиетіне, ұлт руханиятына тыңнан қосылған қомақты дүние деп айтуға әбден лайықты шығарма. Автордың қандай туындысы да тәрбиелік бағытта өрілген. Балалар мен жасөспірімдерді адамгершілікке, кішіпейілдікке, адалдыққа, ең бастысы Отансүйгіштік, елжанды болуға баулиды. Кітапта ата-ананың қадірін білуге, бауырын сыйлауға және басқа да туыстық атаулар жайында мағлұмат беретін өлеңдері көптеп кездеседі. Кішкентай бүлдіршіндер «Дәрумендер» биін билеп, оқырмандар ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Алғашқы құттықтау сөзді аудан әкімінің орынбасары Еспенбет Жасұлан Ерданұлы ашып, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиұлына, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі қаламгер Рысбай Кәрімұлына, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сүлейменов Кенжеғара ағайға, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожантай Қожақұлына беріліп, ақынға өз тілектерін білдірді. Ақынның әр қадамына, әр шығармасына тілекші боп отыратын жанашыр апалары Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының аудандық филиалының төрайымы, «Достар» мекені бірлестігінің жетекшісі Мирман Дина Нұржанқызы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Роза Көшекбайқызы және ақын-сазгер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Айкүміс Телғарақызы, ұстаздары Кәнтаева Бақыт апай, Төребаев Мұрат ағайлар ақынға шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемін білдіретін жақсы лебіздерін жолдады. Кешті Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Ұлмекен Меңдібаева қорытындылады.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni