Ақын, жерлесіміз Мәлік Аяповтың 70 жылдық мерейтойына байланысты «Ойы терең, қаламы ұшқыр» атты еске алу кеші болып өтті. Ақынның өлеңі де, өресі де ешкімнен кем түспейтін, қайта биіктен көрініп, ойлы сөз, отты жырымен ел есінде мәңгі сақталады. Кешті аудандық мәслихат хатшысы Кенжеғара Сүлейменов ашып,жаны таза,табиғаты әдемілік пен әсемдікке құмар,өмірге құштар ақын Мәлік Аяпов жайында көптеген естеліктер айтып өтті.Кешке ақынның жары Жақсыгүл апай, ҚР Мәдениет қайраткері Тынымбай Мәдиев, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Жалағаш жаршысы» газетінің редакторы Ғазиза Әбілда,ақын Темірше Сарыбаевтың жары Ақсұлу және аудан ардагерлері мен мектеп оқушылары қатысты. Ақынның немересі Мәлік Оралхан «Атама» атты арнау өлеңін көпшілікке ұсынды. Ақынның жары жанұясы атынан ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.Ақынға арналған «Өмірі өлеңмен өрілген жан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Аудандық тарихи өлкетану музейі мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 22 Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Музей қызметкері Марат Шөмекеев №201,31 мектептің 8-9 сынып оқушыларын мұражай экспонаттарымен таныстырып өтсе, аудандық кітапхананың кітапханашысы Бақыткүл Рахымбаева «Наурызым-нұрлы мерекем» атты кітап көрмесімен таныстырды. Кітап көрмесіне қойылған кітаптар «Наурыз» мерекесі туралы мол мағлұматтар құрады. Оқушылар кітапханашыға Наурыз мерекесіне байланысты сұрақтарын қойып, Наурыз мерекесінің халықтың ауызбірлігін, ынтымағын, халықаралық достық қатынастарды сақтаудағы маңызын түсіндіріп берді.
23 сәуір - Дүниежүзілік кітаптар күні . Апталық тақырыбы «Кітап- рухани әдебиеттің ошағы». «Кітап- тарих шежіресі» мерекелік кеш болып өтті. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. «Кітап-ғасыр мұрасы» тақырыбындағы кітап көрмесі ұсынылды. Кеш барысында мектеп оқушылары өз шығармашылығынан өлеңдер оқып, кітаптың сарқылмас рухани қазына, жан азығы екенін дәлелдеді. Кітапты сүйіп оқитын оқушылар «Үздік оқырман» атты құрмет грамотасымен марапатталды.
Жерлесіміз ақын - журналист ағамыз Зордан Салықбайұлының туғанына 70 жыл толуына орай, ақынның шығармашылық еңбектері мен жүріп өткен жолын ұлықтауға араналған еске алу кеші және ақын атындағы «Күй керуен» атты жас күйшілер байқауы болып, «Жазылып қалған жан сырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ауданның Құрметті азаматы Айбосынов Шыңғыс, Сыр елінде туып, өмірден ерте кеткен сыршыл ақын, талантты прозашы, танымал журналист Зордан Салықбаев жайында жақсы естеліктер айтып, жастарға мағыналы да, мазмұнды әңгімелерімен бөлісіп, кешті ашып берді. Сонымен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Әлиев Садық, «Жігітті орта өсіреді» демекші Зорданды ақын еткен де сол өз ортасы болатын. Бойындағы ақындық ұщқын жел беріп талантын ширатқан. Кешке мектеп оқушылары өз өнерлерімен сайысқа түсті. Мейірманова Дина ақынның жары: Екеуміз шаңырақ құрған күннен бастап,отбасының бірлігін сақтау,татулықтың берік болуына тікелей басшылық жасады. Үлкен кісілердің ойынан шығу,оларға деген ілтипат туралы үнемі ескертіп отырды.Сөз соңында ұйымдастырушыларға отбасы атынан алғысын білдірді. Кәсіпорын директоры Құлболдиев Мұхтар мен кітапхана директоры Меңдібаева Ұлмекен ақынның жарына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Аудандық кітапханада Астана күніне орай «Елорда-ерлік пен елдіктің үлгісі» атты ашық кітап көрмесі өтеді. Кітап көрмесіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері және Астанамыздың қалыптасуына, Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде құрылуына арналған кітаптар көпшіліктер назарына ұсынылады. Көрменің мақсаты: Бүгінгі Астана-жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Қазақтың қазақ екенін дәлелдейтін Астанамыз келешекте гүлдей жайнап өсетініне сенімді екенімізді байқату. «Елорда-ерлік пен елдіктің үлгісі» атты ашық кітап көрмесі 3 шілде күні аудандық кітапхананың оқу залында өтеді.












