Аудандық кітапхананың оқу залында "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында Дулат Бабатайұлының "Еспембет" дастанынан оқырмандар конференциясы өткізілді. Кітапхана библиографы Р.Қалиеваның дайындаған буктрейлер көрсетілді. Оқырмандар конференциясын кітапхана редакторы, «Мәдени мұра» Бастауыш Партия ұйымының хатшысы Нұрымбетова Ұлдай ашып берді. Сонымен қатар оқырмандар бөлімінің қызметкерлері З.Искакова, Г.Қожабаева, А.Шарапатовалар сұрақтар арқылы өз пікірлерін айтты. №201 мектеп-лицейінің қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Мұстафаева өзінің ойын ортаға салды. Сондай-ақ №201 мектеп – лицейінің 8 – сынып оқушылары Г.Шакизада, Ж.Зинадин, Ж.Әбузар, Т.Ерубай, Г.Тәңірберген, А.Жұмағали дастаннан үзінді оқыды. Конференция қонағы, №201 мектеп-лицейінің кітапханашылары Ф.Досанова, А.Искакова жастарға қажетті өнеге боларлық ойлар айтылды. Оқырмандар конференциясын кітапханашы Ж.Искакова жүргізді. Оқырмандар бөлімінің меңгерушісі Б.Рахымбаева конференцияны қортындылап, белсене қатысқан оқушыларды алғыс хаттармен марапаттады.
Халқымыздың қасиетті мұраларының бірі – ана тіліміз. Тіл – халықтың жаны, кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілімен ата дәстүрі. Тілдің көмегімен өнер-білімді, ғылымды игереміз, кешегі мен бүгінгіні саралап, сабақ аламыз. Халықтың сақталуы да тіліне тікелей байланысты.Аудандық балалар кітапханасының Қазақстан халықтарының Тілдері күніне арналған апталығы «Ана тілі- мемлекет мерейі» тақырыбындағы кітап көрмесімен ашылды. «Тіл үйрену уақыт талабы» тақырыбында ұсыныс тізімі шығарылып, «Тіл- ұлттық рухтың негізі» ертеңгілігі бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілді. «Тілге құрмет- елге құрмет» флеш мобы кезінде оқырмандарымыз халқымыздың ауыз әдебиетінің жауһары мақал-мәтелдерді айту арқылы ана тіліне сүйіспеншіліктерін білдіріп, құдіретін сезінді. Апталық «Ана тілі-халықтың асыл үні» интеллектуалды сайысымен қорытындыланды.
Аудандық кітапхана қызметкерлері "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпарациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы- "Халыққа қызмет көрсету орталығы"департаменті Жалағаш аудандық бөлімі мекемесінде халыққа "Мобильді кітапхана" қызметін ұсынды.Кітаптардың электронды нұсқасы жеке сайтқа жинақталып, арнайы "куар кодпен"- (QR Code Reader) байланыстырылған. Смартфоны бар кез-келген адам "куар кодты" жүктеп алса, кітаптың электронды нұсқасы автоматты түрде көшіріледі. Мақсаты: Халыққа кітапхананың жаңа қызмет түрін насихаттау.
22-қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай Мəдениет жəне өнерді дамыту орталығында "Коммуникативтік кеңістіктегі қазақ,орыс,ағылшын тілдерінің қызмет етуі" тақырыбында аудандық онлайн-конференциясы болып өтті.Осы атаулы күнге арнап аудандық кітапханада "Тіл-ұлт байлығы,мемлекет тірегі" тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінің мақсаты:Қазақтың тілі, тұрмыс-тіршілігі, əдет-ғұрпы, салт-дəстүрі, тарихи жəне ағылшын тілдерінде жазылған құнды деректерді оқырман қауымға насихаттау.
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесі, осыған орай Жалағаш аудандық кітапханада «Кемелді елдің бағдаршамы -Ата Заң» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап көрмесі екі бөлімнен тұрады: «Конституция – кемел келешек кепілі», «Ата Заң – елдігіміздің айғағы». Кітап көрмесінің мақсаты:Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзіміздің еркіндік,теңдік және татулық пен бейбітшілікті сақтай отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды мақсат тұта, егемендік құқығымыздың негізінде қабылданған Конституцияның маңызын жас ұрпаққа жеткізу.
29 тамыз - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні ретінде белгілі. Үстіміздегі жылы Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толды, осыған орай Жалағаш аудандық кітапханада «Ядролық қарулар жойылсын!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап көрмесінің мақсаты: Қазақстанның Тәуелсіздік алғалы қол жеткізген жетістіктерінің бірі 1991 жылы Семей полигонының жабылуы. Бұл адамзаттың құқығын қорғап, полигонның зардабын тартып келген жергілікті халықтың мұң-мұқтажына үкімет тарапынан үлкен көңіл бөлу, сонымен қатар болашағымыз - жастардың дені сау, зиялы азаматтар болып өсу бағытындағы тың істердің куәсі. Көрмеге қойылған кітаптар Семей полигонының зардабын, табиғатқа келтірілген зияны туралы мәліметтерден тұрады.
Жалағаш аудандық кітапханада «Қазақстан жетістігі - ЭКСПО-2017» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты: 2017 жылы Елордамыз Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің еліміз үшін мәні зор, сондықтан еліміздің білім мен ғылым саласындағы қол жеткен жетістіктерін әлемге паш ету, қазақстандық өнімнің сапасын көрсету, ұлттық мәдени салт-дәстүрімен таныстыру басты мақсат болып табылады.












