Аудандық кітапхана жазғы мезгілдерде демалыс саябақтарында, мекемелерде кітап насихаттау жұмысын ұйымдастырады.Осыған орай кітапхана қызметкерлері Ш.Ермағамбетова атындағы №246 мектептің жанында ашылған жаңа саябақта 6 шілде –Астана күніне арнап «Астана – еліміздің айбыны» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, саябақта демалушыларға таныстырды.Кітап көрмесіне қойылған кітаптар еліміздің тарихы, Астана қаласының құрылу тарихы туралы мәліметтер , сонымен қатар Астана «ЭКСПО -2017» көрмесі өтіп жатқан қала. Сондықтан "ЭКСПО -2017" көрмесі туралы баспа басылымдары қойылды және Астана қаласына арналған өлең кітаптар көпшіліктің назарына ұсынылды.Саябақта демалушылар кітап насихаттаудың жаңа түрін қуана қабылдады. Астана- еліміздің бақыты . Астана күні – жалпы ұлттық сипатқа ие мерекеге, халықтың асыға күтетін зор қуанышына айналып үлгерді. Жасай бер, жайнай бер Астана!
Аудандық кітапхананын ұйымдастыруымен тарихи- өлкетану музейінде Ғани Мұратбвевтың 115 жылдығына орай «Шығыстың жарық жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап көрмесі 2 бөлімнен құрылды.1- бөлім - Таң жұлдызы 2- бөлім - Өнегелі өмір Мақсаты: Шығыс жастарының ақылшысы, жетекшісі болған. Ғани Мұратбаевтың өмірін таныстыру, жас ұрпаққа үлгі тұтатын, солардай болсам деп армандайтын жас өспірімдерді оқуға, үйренуге тәрбиелеу, оқушылардың өз ұлтына деген құрмет, мақтаныш сезімдерін ояту.Көрмеге Ғани Мұратбаевтың суреті, өмірі мен қызметіне арналған ақын-жазушылардың өлеңдері мен көркем әдеби кітаптары және баспа беттерінде жарияланған материалдар қойылды.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы және білім бөлімінің ұйымдастыруымен жергілікті ақын, журналист Жақсыбай Сарбалаұлының 75 жылдық мерейтойына байланысты аудан мектептері арасында ғылыми жоба өткізілді. «Ақын – елдің ардағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты: Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында жергілікті қаламгер Жақсыбай Сарбалаевтың өмірі және шығармашылығын зерттеу. Жақсыбай Сарбалаұлына арналған ғылыми-жоба кешін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрайымы Д.Мирман ашып берді. Сонымен қатар, Жақсыбай атамыздың жары Таипова Анар, келіні Қонарова Жүзім келіп, ғылыми-жобаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Ғылыми-жобаға 14 оқушы қатысты. Қорытындысы бойынша бас жүлде иесі №114 мектептің оқушысы Жайна Байзақ, 1 орын №118 мектептің оқушысы Назгүл Жалғасбай, 2-орын №201 мектеп-лицейінің оқушысы Мадина Төлепберген және №117 мектептің оқушысы Динара Асан иеленсе,3 – орынды №202 орта мектептің оқушысы Бота Табынбаева, №188 мектептің оқушысы Бибінұр Жаналиева, №246 мектептің оқушысы Нұртөре Ахат қанжығаларына байлады. Қалған оқушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Ғылыми – жоба кешіне қатысушылар Жақсыбай Сарбалаұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуде жоғары деңгейде қабілеттерін көрсетті.
Аудандық кітапханада 23 сәуір-«Халықаралық кітаптар күніне» арналған Апталық өтті. Апталықтың соңғы күнінде «Көркем дүние есігі- кітап» тақырыбында әдеби- жәрмеңке ұйымдастырылды.Іс-шара мақсаты: оқырмандардың «кітап оқу имиджин» көтеру, кітап оқуға деген ынтасын, құмарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін жетілдіру, заман талабына сай үш тілді меңгерген оқырмандарды қалыптастыру.Әдеби- жәрмеңке 3 бөлім бойынша ұйымдастырылды. 1-бөлім «Мениң оқыған кітаптарым» тақырыбында оқырман бейнефесі. 2-бөлім- «Артық ғылым кітапта»-деп аталады. 3-бөлім- «Салмақты кітап» деп аталады.
Аудандық кітапхана 7 сәуір күні Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде өткен жергілікті қаламгер, зерттеуші Ахмет Тілеулиевтің 70 жылдық мерейтойына арналған еске алу кешіне "Туған жердің дара тұлғасы" атты кітап көрмесін ұйымдастырды."Тұлға. Зерттеуші.Қаламгер" және "Болмысы бөлек дара тұлға" атты екі бөлімнен тұратын кітап көрмесіне қаламгердің "Қарақұм", "Қарақұм перзенті","Ерлердің ісі бітер ме?","Сырдың суы","Дәннің салмағы" атты шығармалары және "40 жылдан кейінгі кездесу" атты Ахмет Тілеулиевтің курстастарының шығарған естелік кітабы қойылды.Туған жердің тарихын таразылап, еліміздің өсіп-өркендеуіне мол үлес қосқан қаламгердің есімі ұлықталды.
Дәуімбай елді мекен кітапханасында «Бір ел –бір кітап» акциясынына байланысты «Сұлтанмахмұт -қазақтың демократ ақыны» атты дөңгелек үстел болып өтті.Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт өмірі туралы жан - жақты мағлұмат беру, шығармашылығының мазмұны мен маңызын ашу, мәнін түсіндіру. Ақынның өмір жолы арқылы оқушыларды адамгершілік пен парасаттылыққа туған тілін, әдебиетін сүюге құштарландыру. Әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, өздіктерінен ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға жұмылдыру.
Аудандық кітапханада Наурыз мейрамына арналған "Салт-дәстүр-ұрпақ қазынасы" атты дөңгелек үстел кеші өтті. Іс шараның мақсаты: жастарымызға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет ғұрпын таныстырып, өз өмірлерінде осы салт- дәстүрлерді ұстануды насихаттау болды. Қазақтың салт- дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруы тиіс. Іс-шараға шақырылған қонақтар, өзге ұлт өкілдері наурыз көжеден ауыз тиіп, Наурыз мейрамының бұрын және қазіргі кезде тойлану ерекшеліктері мен қазақтың салт- дәстүрі туралы ойларын ортаға салды.Қонақтар өздерінің ұстанатын ұлттық дәстүрлерімен бөлісіп, салт-дәстүрлерді жас ұрпаққа тапсырудың маңызы жайлы да сөз қозғады. Бір шаңырақ астында өмір кешіп жатқан барлық ұлттардың достығы мен бірлігін паш еткен осы іс-шара ашық, жарқын, мерекелік көңіл күйде өтті.












