Қазақ тілі қазақ халқымыздың қанына сіңген аяулы да өзімізге жақын туған тіліміз. Қазақ әдебиетінде көркем тілдің балын тамызып жазылған қаншама мәдени ұмытылмас мұраларымыз бар, осылардың барлығы қазақтың ерекше жеткізе алатын сұлу тілі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыр.Аудандық кітапханада мемлекеттік тіліміз –қазақ тілін мәдени мұра есебінде жастардың санасына сіңіру, күнделікті ауыз-екі қолданыста тілімізді таза сақтай білуге құлшындыру мақсатында «Мемлекеттік тіл-бірлік пен татулық кепілі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. I- «Қазақ тілі-мемлекеттік тіл», II- «Қазақ тілі-ұлт мұрасы» атты екі бөлімнен тұратын кітап көрмесіне қазақ тіл білімінің тарихын зерттеу жұмыстарына арналған кітаптар, ақпараттық құжаттар мен баспа беттерінде жарияланған құжаттар қойылды.
Көктемнің ең әдемі мерекелерінің бірі 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесі. Осыған орай аудандық кітапханада 6 наурызда «Анасы бар адамдар...» атты мерекелік кеш өткізілді.Мерекелік кешті кітапхана директоры Ұлмекен Меңдібаева ашып, кеш қонақтарын әйелдер мерекесімен құттықтады. Кештің құрметті қонақтары №246 мектептің кітапханашысы Гулбахрам Ильясова, Жалағаш аграрлы индустриалды колледждің қызметкерлері Айғаным Балдақова, Сәрсенкүл Акисаева, №31 мектептің мұғалімі Ақмарал Төлеуовалар мектеп оқушыларының аналар мерекесіне арнап дайындаған ән-күй шашуларын тамашалады. Ауданның «Жастар ресурстық орталығының» бөлім басшысы Айдос Қожамұрат аналарды, кітапхана қызметкерлерін мерекемен құттықтады.Кеш қонақтары оқушылар мен кешті ұйымдастырушыларға шығармашылық табыс тілеп, зор алғыстарын білдірді.
Тату-тəтті тұрмыс, бейбітшілік жəне ризашылықпен өмір сүру адамзаттың зор бақыты. 1наурыз - біздің елімізде алғыс айту күні. Алғыс əрбір жақсы іс үшін, ыстық ықылас үшін айтылады. Бүгінгі шарада балалар ата-аналарына, құрбы-құрдасына, жарық күнге , таза ауаға, барша игілікке алғыс айтты. Ұйымдастырушы аудандық балалар кітапханасы.
Балалар поэзиясында тəрбиелік мақсатты берік ұстаған ақындар өте көп. Сол ақындардың бірі Ескен Елубаев 75 жасқа толып отыр. Жас жеткіншектердің танымдық ой өрісін дамытып, ізгілікке, тапқырлыққа баулыған кітаптары мен балалардың сүйікті басылымдары "Балдырған", "Ұлан" арқылы да жақсы таныс болған ақынның шығармаларынан балалар кітапханасында "Балдырғанның бағбаны" атты əдеби сайыс болып өтті. Қатысушылар ақынның өлеңдерін оқып, сайыс кезеңінде өлеңдегі есептерді шығарып, түрлі жұмбақтар, метеграммалар мен анаграммаларды тапты. №201, №123 мектеп лицейінің 3-4 сыныптарынан құрылған «Қыран», «Жасұлан», «Балдырған», «Оқжетпес» топтары өзара сайысып, нəтижесінде "Балдырған" тобы жеңіске жетті. Шара соңында «Бала тілін тапқан ақын» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды.
Өнер тарихы - бұл адамзат өркениетінің тарихы. Ұлттық өнерді өркендету жолында өз еңбектерін аямаған өнер өкілдері өте көп. Солардың бірі мен бірегейі халық əртісі Асанəлі Əшімовтің 80 жасқа толуымен жəне театр сынының майталманы Əшірбек Сығайдың 70 жылдығына «Қазақ өнерінің бəйтеректері» тақырыбында кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды. Шара барысында өнер тақырыбында сұрақтар қойылды жəне саңлақтар өмірінен мəліметтер айтылды. Ұйымдастырушы аудандық балалар кітапханасы.
Халықаралық ана тілі күніне орай аудандық кітапханада «Журналистермен бетпе-бет» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кеште тілшілер қауымы Жалағаш индустриалды аграрлық колледж студенттерімен және әдебиетке жаны құмар, қолына қаламын серік етіп жүрген аудан орталығындағы бірқатар мектеп оқушыларымен кездесті. Кездесуге Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Жалағаш аудандық филиалының төрайымы Д.Мирман, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Жалағаш жаршысы» газетінің бас редакторы Ғ. Әбілда, редактор орынбасары С.Бертаев, «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшілері және бірқатар бөлім, мекеме мамандары қатысты. Кездесу еркін форматта өтті. Қатысушылар өздерінің көкейінде жүрген, осы мамандықтың қыр-сыры туралы «төртінші билік өкілдеріне» бірқатар сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
Жыр дүлділі М.Мақатаев поэзия көгінен құйрықты жұлдыздай ағып түскен, аса дарынды ақынның 9 ақпан туған күні. Осы орайда аудандық кітапханада Мұқағали Мақатаевқа арнап «Қазақ поэзиясының Хантəңірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мұқағали Мақатаев махаббат пен достықты, поэзия мен табиғатты жырлады. Бірақ оның шығармашылығында Отан тақырыбы ерекше орын алады. Ақын поэзиясы-өзі өсіп-өнген туған жеріне деген шексіз махаббатының дəлелі. М.Мақатаев поэзиясы негізінен туған елі мен туған тіліне деген махаббаттан құралған отан сүйгіштік сезімге толы.












