Адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап екендігін ұғындыру. Осыған орай аудандық кітапхана мен балалар кітапханасы және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен орталық алаңда аудан тұрғындарының кітап оқуға деген қоғамның қызығушылығын арттыру, аудан тұрғындарының кітап оқуына жағдай жасау, балалардың жаз мезгіліндегі бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында көшпелі «Жазғы кітапхана» өз қызметін оқырмандарға көрсетті. Кітапхана қорын толықтырып отыратын жаңа кітаптар, оның ішінде оқырман сұранымын қанағаттандыратын көркем әдебиеттер, әр жанрдан қызықты кітаптар апарып, аудан тұрғындарының кітап оқуға баулу және кітапқа қызығушылығын арттыру бағытында жұмыстар жасалды. Аудандық кітапханадан кітапханашы Зәуре Искакова, библиограф Раушан Қалиева, балалар кітапханасының меңгерушісі Гүлсім Әлиасқарова және кітапханашы Малина Шонықбаева, жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Айдос Қожамұрат болды.
Ақарық ауылдық кітапханасында "Бір ел-бір кітап" акциясы аясында Дулат Бабатайұлының шығармаларынан "Елдік пен еркіндік жаршысы" атты ауыл саябағында библиографиялық шолу өткізілді.ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ірі өкілі, халқымыздың басына қара бұлт төніп, жерімізді отарлау саясаты басталғанда ұлт-азаттық қозғалысын жалпыұлттық сипатта бірінші болып қозғаған ақын.Ұлы ақынның өзі айтқандай сөз ұғатын, ой қадірлейтін әр адамның таным көкжиегін кеңейтуге ат салысар қадау-қадау ой түйіндері Дулат Бабатайұлының өмір таным толғамдары арқылы ұлттық қана емес, жалпы адамзаттық биіктіктен үн қатады.
«Мобильді кітапхана» Қазіргі заманғы кітапханалар ақпараттар мен құжаттарға сұранысты орындау қашықтық пен сұраныстағы ақпараттың орналақсан жеріне тәуелсіз, пайдаланушылардың түгеліне дерлік қолжетімді болу керек. Мобильді технологиялар – бұл кітапхананың жаңа қызметі, тәжірбиелік біліктілік, келешек. Қазіргі заманда адамдар интернет желісіне ұялы телефондар және компьютерлер көмегімен кіріп, керек ақпаратқа қол жеткізе алады. Осыған орай аудандық кітапханада 2016 жылдың 12 шілдесі күні «Мобильді кітапхананың» ашылуы өтті. «Мобильді кітапхананың» кешін кітапхана әдіскері Тілеуова Жібек ашып берді. Бүгінгі заманның кітапханашысы өз кәсіби міндетін жетік білумен шектелмей, компьютер технологияларын жұмысында пайдаланып-қолдана білетін, ақпараттық сауаты мол білікті маман болуы тиіс.Осы орайда смартфон телефонына кітапты қалай түсіру керектігін кітапхана инженер – жүйе технологы Садықов Ержан таныстырып шықты. Жобаның оқырманға тиімді жақтарын №31 мектеп мұғалімі Жақсылықова Марина атап өтті. Сонымен қатар «Жастар ресурстық орталығығының» кеңесшісі Айдос Қожамұрат сөз тізгінін алып осы жобаның қызметін пайдаланып жүргендігін айтты. «Мобильді кітапхананың» тиімділігі жөнінде Жақсыбай Абай, Мәлік Назерке, Мәлік Арай, Қонай Барысбек өз пікірлерін білдірді. Кітапхана жанынан ашылған «Жас қалам» клубының төрағасы Мәлік Оралхан жоба туралы оң пікірін білдіріп, «Сыр елім менің жырым» атты өлеңін оқып берді. Кітапхана қызметкерлері Бахыткүл Рахымбаева, Элмира Боранбаева, Гүлжанат Қожабаева «Мобильді кітапхана» жобасы туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Кешті кітапхана редакторы Ұлдай Нұрымбетова қорытындылап, кешке қатысқан оқырмандарға алғысын білдірді. Кешті библиограф Раушан Қалиева жүргізді. Қатысқан оқырмандар жобаны құптап, алдағы уақытта смартфон ұялы телефондарын кітап оқуға пайдаланатындарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Аудандық кітапханада 31 мамыр-Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Азаттық аңсаған тұлғалар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандарға еліміздің тәуелсіздік жолында өмірін сарп еткен алаш азаматтары туралы шығарылған кітаптар насихатталды. Кітап көрмесі 2 бөлімнен тұрды: 1- Алаш ардақтылары 2- Ұлтын ардақтаған ұлтжанды тұлғалар. Кітап көрмесіне қойылған кітаптар: Қазақ ұлт- азаттық қозғалысы.Көптомдық шығармалары 5 томы, Есенқарақызы Х.«Ақжол» -10 томдық шығармаларының 5 томы. Алаштың ардағы (елтанымдық және тілтанымдық жинақ), Алаш Орда.Қазақ газеті.1914 жыл. Дулатбеков Н. Алаш ардақтылары. Дулатова Г.М. Шындық шырағы. Қойшыбаев Б. Алаш жолы. Алаш көсемі.10 томдық шығармалар жинағы. Жұртбай Т. «Зұлмат жылдар зардабы».-2011,-№7. Иманғалиев Б. Темірбек Жүргенов . Маштаева З. Тарихи тұлға тағылымы.-2015.
Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрметпен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы-әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. 15 мамыр - Халықаралық Отбасы күні. Осыған орай аудандық кітапханада "Отбасы құндылығы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Отбасы күні баршамызға құтты болсын.
Абай және Пушкин Қос данышпан. Даналығын ақындардың Бүкіл әлем таныған. Ізгілікке үйретіп, Жанымызды оятып, Ақындыққа баулыған, Ғасыр өтсін, жыл өтсін Ұмытылмас жырларың Асыл сөзін қос дананың Мәңгі сақтар ұрпағың.- дей келе аудандық кітапханада қазақтың ұлы ақыны Абай мен орыстың ұлы классик ақыны А.С.Пушкиннің шығармаларын насихаттау мақсатында «Ұлы тұлғалар сабақтастығы» атты әдеби сайыс өтті. Әдеби сайысты аудандық кітапхана директоры Ұлмекен Меңдібаева ашып, оқушыларға сәттілік тіледі. Әдеби сайысқа 5 мектептің оқушылары қатысып, қос данышпан ақынның өлеңдері мен шығармаларынан білімдерін көрсетті. Әділқазы алқасында әдеби сайысқа төрелік еткен «Жастар ресурстық орталығының Жалағаш ауданы бөлімінің аға кеңесшісі» Қожамұратов Айдос, «Ішкі саясат бөлімінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы» Мырзалиев Ернұр. Әділқазы алқасының төрелігімен 1-ші орынды №202 мектеп оқушылары , ІІ-орынды №31 мектеп оқушылары , ІІІ-орынды №201 мектеп-лицей оқушылары иеленді.. «Ұлы тұлғалар сабақтастығы» тақырыбындағы әдеби сайысты кітапханашы Жанар Искакова жүргізді. Абай мен Пушкиннің өмірі мен шығармаларынан слайд көрсетілді.
Мемлекет болып қалыптасуда қай ел болсын өзінің қорғаныс қуатын бірінші орынға қояры анық. Мемлекет қауіпсіздігін, оның байлығын қорғау- қастерлі міндет! Қазақ елі-бағзы заманнан өз жерін сыртқы жауға таптатпаған ел. Ата-бабаларымыз атажұртын «найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғап ұлан-ғайыр даланы небір алмағайып заманда аман алып қалғаны тарихтан аян.Флеш-мобтың мақсаты: Оқушылардың бойында азаматтық белсенділікті, білімділікті қалыптастыру. Тәуелсіз азамат-патриот тұлғаны тәрбиелеу. Отанды сүюге, оны қорғауға баулу. Флеш-мобқа қатысқан ауыл әкім апаратының статист маманы Тұрмаханов Ернұр Отан қорғаушылар күніне орай өз пікірін білдірді. Мәдени ұйымдастырушы Сатанова Нұржамал «Біз бақытты ұланбыз», «Ел қорғауға әзірміз» атты әнін шырқады. Оқушылар сарбаздар туралы тақпақтар айтты. Ұйымдастырушы: Жаңадария ауылдық кітапхана












