Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Еңбек ауылдық кітапханасында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған «Бейбіт күн жасасын әлемде» кеш өткізілді. Кештің мақсаты: Бейбіт еліміздің құрыш қалқаны Қарулы Күштер туралы түсінік беріп, Отан қорғау ісі ең басты міндеттері екенін ұғындыру. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаhармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып қала беретіні сөзсіз.
Аққұм ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлдан ұлағат, қыздан инабат» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты:оқушыларды адамгершілік, әдептілік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт-дәстүрін үйрету. Шара барысында ардақты ана – Бөлтаева Маржанкүл апай оқушыларға әке-әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы, ана-отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір шапағат көзі екендігі жайлы айтып берді. Кеш соңын мектеп оқушысы Амантай Асфандияр «Ана, әке» әнімен аяқтады.
«Кітап- өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес»,- деп Серке Қожамқұлов ағамыз айтқан екен, өте орынды айтылған пікір. Кітап біздің өмірлік ұстазымыз болып қала береді. 23 сәуір – Дүниежүзілік кітаптар мерекесіне орай 20 сәуір күні Жалағаш аудандық кітапханасында «Менің сүйікті кітабым» атты пікір алмасу кеші өткізілді. Пікір алмасу кеші әуез мектебінің мұғалімі Ақтолқын Шампикованың орындауында күймен басталды. Кешті аудандық кітапхана директоры Ұ.Меңдібаева ашып беріп, кітап мерекесімен барлық кітап сүйер қауымды құттықтады. Кеште кітапхананың тұрақты оқырманы, ардагер Тілеубергенова Ізімкүл апайымыз жас шағында оқыған кітаптарынан естеліктер айтса, мұражай қызметкері Жапақов Қанат тарихи кітаптардан сыр шертті. Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп – лицейінің тәлімгері Елікбаева Гүлфайруз және кітапханашы Әбішева Сәуле өз ойларын ортаға салды. Жаңа кітаптармен библиограф Раушан Қалиева таныстырып шықты.
Жалғастырған мұраны, Ел жұртының қорғаны. Сегіз қырлы, бір сырлы Қазақтың сұлтан ұлдары!- дегендей аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 12-сәуір Ғарышкерлер күніне байланысты бастауыш сыныптардың арасында «Жігіт сұлтаны» сайысы өткізілді. Жас оқырмандардың туған елі мен жеріне, ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүріне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында өткізілген шарада қазақтың «жігітке жеті өнер де аз» деген аталы сөзінің тағы да куәсі болдық. «Тегін білу тектілік» дегендей сайыс қатысушылардың өздерін таныстыруынан басталды. Балалардың біліктілігі «көңілі ояу, көзі ашық» сұрақ-жауап кезеңінде сыналса, өнері мен шеберліктері «адамды адам еткен еңбек» кезеңінде айқындалды. Сөйлеу мәдениеті мен шешендігі «тапқырлық та жігіттің бір қыры» кезеңінде білінді. Сайыстың «спорт- жасұланның серігі» кезеңі кішкентай жігіттер үшін өте тартысты өтті. Қазылық жасаған Спорт бөлімінің және оқушылар Үйінің қызметкерлерінің шешімімен бас жүлдені біліктілігі мен өнері асқан, күй тартып көрермендерді өнерімен баураған Т. Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің б сынып оқушысы Бекет Ерсұлтан жеңіп алды. Қатысушылардың барлығы түрлі номинациялармен марапатталып, сыйлықтар алды.
Өскелең ұрпақты адамгершілік патриоттық рухта тәрбиелеу, Қазақстанда мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің өткен тарихына, халықтық мұрасына қызығушылық танытып құрметтеу мақсатында «Халық қуаты-бірлікте» атты таным сағаты өткізілді. Шара басында кітапханашы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы жайында айтып, тарихына тоқталды. Ел тәуелсіздігі арқасында жерімізде тұрып жатқан ұлт өкілдерін тату-тәтті, бірлікте, ынтымақта, достықта өмір сүріп жатқандығын әңгімеледі. Шараға белсене қатысқан оқушылар өз ой пікірлерін айтып, өз елін, тілін қалай сүйсе өзге халықтың салт-дәстүрлеріне де сондай құрметпен, жауапкершілікпен қарайтындықтарын жеткізді. Достық, бейбітшілік, Отан туралы өлеңдер оқыды.Шара соңында кітапханашы «Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Ұйымдастырушы: Ақарық ауылдық кітапханасы
Жалағаш аудандық балалар кітапханасы өздерінің кішкентай оқырмандарына жыл сайын 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне апталық өткізуді дәстүрге айналдырған. Апталық «Кітап - керемет әлем» тақырыбындағы кітап көрмесімен ашылды. «Балалар өте талғампаз оқырман» тақырыбында әдебиеттердің ұсыныс тізімі жасалып №201, №246, №123, №31, №202 орта мектептердің кітапханаларына ұсынылды. «Қара, оқы, зердеңе тоқы!» тақырыбында флеш моб өткізілді. Шарада балалар оқу-білім мен кітап туралы мақал-мәтелдер айтып, шаттық шеңберін жасады. «Сиқырлы ертегілер әлемі» әдеби лотосында балалар түрлі сұрақтарға жауап беріп, ертегі кейіпкерлерімен бірге ойындар ойнады. «Жақсы кітап – жан азығы» тақырыбындағы хабарландыру сағаты Оқушылар Үйінің үйірмелерінің арасында өткізілді. Апталыққа қатысқан белсенді оқырмандар Баймырза Бейбарыс, Тыныштықбай Арун, Жалмахан Рахат, Оразбай Нұрәділ, Нұржанқызы Асылжан, Тынымбай Аружандар арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Жалағаш ауданының азаматы, зерделі журналист «Қазақстан-ZAMAN» халықаралық газетінің тілшісі Құрманғали Нұрғалиевтің «Журналист көктемі» кітабының тұсау кесер рәсімі өткізілді. Қазақстан – еліміздің Тәуелсіздік алғанына биыл 25 жыл толғалы отыр. Ширек ғасыр болмақ! Шүкірлік етеміз! Дегенмен тарихта кеткен есемізді толтырып, әлем елдері алдында саясатта салмақты, экономикада тұрақты мемлекет құрып үлгірдік пе? Саяси мәдениет қалыптастырып, қоғамда, халық пен билік арасында демократиялық тепе­теңдік орнады ма?.. Қоғамымыздағы құқықтық сананың деңгейі қандай? Осы және басқа да мәселелер әлі мені мұндалайды. Демек, қоғамда қордаланған, кезек күттірмей шешуді керек ететін шаруалар жеткілікті. Автор кітабында осы мәселелер жайында сөз қозғайды. Өткізілген орны:Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni