Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

                                                           Сыршыл поэзия шебері       Аудандық кітапханада 20 қыркүйек күні Алаштың арысы, ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған оқушылар арасында «Мағжан оқулары» өтті.Осыған орай «Сыршыл поэзия шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.«Мағжан оқуларының» мақсаты: Арыс азаматы, ақын Мағжанның өмірі мен шаығармашылығын жастарға насихаттау, олардың ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот ретінде тәрбиеленуіне ықпал ету.«Мағжан оқуларына» аудан орталығындағы бес мектептен үш оқушыдан қатысты.Әділ-қазы алқасының шешімімен бірінші жүлделі орынды -№201 мектеп –лицейдің оқушылары, екінші жүлделі орындаы– Т.Жүргенов ат. №123 мектеп-лицейдің оқушылары, үшінші жүлделі орынды –Ш.Ермағамбетова ат. №246 орта мектептің оқушылары жеңіп алды.Басқа қатысушы оқушылар алғысхаттармен марапатталды.Барлық мектептің оқушыларына Мағжан поэзиясын жақсы біліп, оны жаттап жүргендеріне алғыс айтамыз. Оқушыларды «Мағжан оқуларына»дайындаған, жанкүйер болған ұстаздарына алғысымыз шексіз.
                                        Тіл мерейі        5 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тіл мерекесі күні. Осы мерекелік күнге орай аудандық кітапханада «Тіл мерейі» атты дөңгелек үстел кеші өтті.Кештің мақсаты мемлекеттік тіліміз-қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қазақ тіліміздің қолданыс кеністігін ұлғайтып, тіл тазалығына назар аудару және жастарды Алаш арысы, қазақ тілінің негізін қалаушы, педагог, түркітанушы, аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Кеш қонағы ретінде «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Дина Мейірманова және Ерім Төлепбаев ағай қатысып, жастарға азақ тіліміздің ерекшелігі, байлығы, көркемдігі туралы келелі әңгіме айтылды, сонымен қатар «Тіл сақшысы» газетінде жарияланған өзекті мақалалар туралы сөз болды. Кешке «Мәдениет және өнерді дамыту орталығының» қызметкерлері мен кітапхана мамандары мен оқушылар қатысты.
                                                        Аудандық кітапханада «Жас Отан» Жастар қанаты мен аудандық кітапхананың бірлесіп ұйымдастыруымен қазақтың ғұлама ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 173 жыл толуына орай «Абай салған дара жол!» тақырыбында әдеби танымдық кеш өтті.Танымдық кештің мақсаты: жастардың назарын қазақтың ұлы ғұлама, ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларына аудару, Абай шығармаларының өзегін құрайтын рухани байлыққа ие болуға, білім, ар-намыс, адамгершілік қағидаларын насихаттауға шақыру.
                           Аудандық Қонысбек Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде ауданымыздың білімі мен мәдениетінің дамуына қомақты өз үлесін қосқан қоғам қайраткері, ұстаз Тоқшылық Ағыбаевты еске алу мақсатында кеш өтті. Туған жердің ерекше ақжарқын азаматы Тоқшылық Ағыбаевтың өмірі мен қызметі жас ұрпаққа үлгі, өнеге. Осы орайда аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тағылымы терең тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты: Жалағаш ауданының өсіп, өркендеуіне, білімі мен мәдениетін дамытуға, жастардың тәрбиесіне өз ақылы мен, тәжірибесін қосқан қоғам қайраткері, ұстаз Тоқшылық Ағыбаевтың еске алып, үлгілі өмірі мен ісін өскелең ұрпаққа өсиет ету.
          Аудандық кітапханада «Мәдени мұра» БПҰ қызметкерлері мен кітапхана оқырмандары арасында «Дамудың басты жолы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Рухани жаңғыру ұлттық рухтың жаңғыруы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Іс- шараның мақсаты: Елбасының мақаласы аясында көрсетілген замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты  жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білу, еліміздің ұлттық-рухани байлығын жаңғырту, дін және тіл мәдениетін көтеру, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Дөңгелек үстелді кітапхана директоры Ұ.Меңдібаева ашып «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын атап өтті және сөз алған «Мәдени мұра» БПҰ- ның хатшысы Ұ.Нұрымбетова дамудың басты жолы жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын және бірлігі мен тірлігі, достығы ұйыған отбасылар туралы жан-жақты насихаттай отырып, болашақ жастарға патриоттық тәлім - тәрбие беру үшін осындай іс- шаралардың маңыздылығын атап өтті.
                      Жаңадария ауылдық кітапханасында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя"повесінен "Ұлт намысы болған ұлы тұлға" атты реквием сағаты өткізілді жəне "Мен халқымның Бауыржанымын" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Б.Момышұлынын "Ұшқан ұя" повесінен қонақтарға жəне оқушыларға бейнеролик көрсетілді. Ауыл əкім аппаратының бас маманы Арунов Ғазиз реквием сағатын ашып берді. 6-сынып оқушылары Бауыржан аталары жазған өлеңдерінен оқыды.
                    Есет батыр мобильді мультимедиялық орталықта Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай "Ұлы Жеңіс жасасын" атты ескерткіш алаңында мерекелік шара өткізілді. Мақсаты: жас жеткіншектерді Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қорғауға тәрбиелеу. Шараны ауыл əкімі Н.Опабеков ашып беріп, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады. Ауыл ақсақақалдары С.Сүлейменов, Ə.Пірмановтар игі тілектерін білдіріп, баталарын берді. Ескерткіш алаңына гүл шоғы қойылып, құран бағышталды.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni