Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Осы орайда , 23 қаңтар күні аудандық кітапхана және «Мәдени мұра» БПҰ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Жүрек жылуы» жобасы аясында «Отаным-өз үйім, отбасым-мерейім» атты дөңгелек үстел болып өтті.Мақсаты: жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын және бірлігі мен тірлігі, достығы ұйыған отбасылар жан-жақты насихаттай отырып, болашақ жастарға патриоттық тәлім - тәрбие беру. Іс-шараға «Қазақ тілі» қоғамы филиалының төрайымы Д.Мирман, «Аналар кеңесінің» төрайымы Роза Көшекбайқызы, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Э.Құттымбетова, ардагер-ұстаз Е.Төлепбаев, журналист, «Жалағаш жаршысы» газетінің жауапты хатшысы Қ.Ахетов, Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы А.Қожамұрат, кент әкімінің мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ж.Дүйсенбай, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Жалағаш аудандық сарапшы Г.Мәлік, мектеп мұғалімдері мен ЖИАК студенттері қатысты. Кешке қатысушылар қоғамдағы «мерейлі отбастарының жарасымды тұрмысы, өнегелі өрісі туралы сөз қозғап, болашақ ұрпақ тәрбиесімен ой бөлісті.Дөңгелек үстелді кітапханашы Ж.Ешімова жүргізді.
Жолдау – дамудың жаңа мүмкіндіктері 16 ақпан күні аудандық кітапханада «Мәдени мұра» БПҰ-ның қызметкерлерімен аудандық аграрлық – индустриалды колледж студенттері арасында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан ақпараттық сағат өткізілді. Қазақстан – экономикалық даму жолында. Қазіргі таңда елімізде «Қазақстан 2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам – ұлт жоспары» реформасы, «Үшінші жаңғыру» аясында рухани жаңғыру бағытымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. ХХІ ғасыр – заманауи технологиялар дәуірі. Жаһандық үдерістен қалмай 30 елдің қатарына ену үшін Жолдауда жаңа мүмкіндіктер жарияланып 10 міндет беріліп отыр. Бұл 10 бағыт төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Жетінші меже бойынша адами капиталды қалыптастыру – ең негізгі міндетіміз. Адами капитал арқылы жаңа білім мен кәсіпті игеріп, санада да, қоғамда да айтулы өзгерістер жасауға болады. Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауы маңызды тарихи құжат. Ол біздің болашағымыз, мемлекетіміздің жарқын болашағы.
Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы мəдениет үйінде аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен тəуелсіздік мерекесіне арналған "Тəуелсіздік құндылығы -өткенге тарих,бүгінге бағдар,болашаққа қадам" атты көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты:халқымыз ғасырлар бойы аңсап қол жеткізген тəуелсіздіктің тағылымын жас ұрпаққа насихаттау арқылы,оны баянды етіп,байырғы түрік бабаларымыз армандаған "мəңгілік ел орнату" идеясымен ұштастыру жолындағы елдік,мемлекеттік, отаншылдық сезімді көрсету,Тəуелсіз мемлекет пен сол мемлекетті құраушы қазақ ұлтының тарихын таразылау.
Аудандық Кітапханада Астананың 20 жылдық мерекесіне орай "Жырлаймын Астанамды" атты мəнерлеп оқу кеші өтіп,оған "Астана-елміздің айбыны" тақырыбымен кітап көрмесі ұйымдастырылып,таныстырылды. Кешке номері 201,202,246 мектептердің оқушылары мен Жалағаш индустриалдық агроколледждің студенттері мен мұғалімдері қатысты. Іс-шараның мақаты:Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен "Ел жүрегі-Астана"-Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы бекітілуіне байланысты Қазақстан тəуелсіздігінің бас рəмізі жəне табысты даму факторы ретінде қаланың одан əрі белсенді дамуын ақын-жаушылардың Астанаға арнаған өлең-жырлары арқылы насихаттау. Мəнерлеп оқудан 1орынды-Бағлан Есқара - З.Жарқынбаев ат. 202 мектептің 7 сынып оқушысы,2 орынды - Ақерке Кеңесбай Ш.Ермағанбетова ат 246 мектептің 6 сынып оқушысы, 3 орынды - Аружан Əбсəлім 201 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы жеңіп алды, ал басқа қатысушылар алғыс хаттпен марапатталды.
2017 жылдың 9 желтоқсан күні аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мəдениет үйінде "Туған жерге тағызым" атты жалпы республикалық акциясы болып өтті.Оған Жалағаш ауднынан шығып,қазақ жұртына танылған ғылымда, өнерде, əдебиет, спорт, кəсіпкерлік салаларында жəне саясат мінбелерінде бой көрсетіп,халықтың абырой,қошеметіне бөленіп жүрген бірқатар ел азаматтары қатысты. Осы іс-шараға аудандық кітапхана "Тарихы-шежіре,мəдениеті озық,бірлігі мен берекесі жарасқан киелі мекен-Жалағаш!" атты кең көлемде кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінің мақсаты: жастарды туған жердің тарихымен,батыр,би-шешендердің өмірі,тағылымы жайлы туындылармен,ауданымыздың Еңбек Ерлеріне арналған деректермен,сонымен қатар жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларымен таныстыру.
Аудандық кітапханада 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы - ел мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, сонымен қатар «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында «Назарбаев оқулары» өтіп, жастарға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өнегелі өмір жолы, қызметі таныстырылды. Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жүргізген саясаты туралы мағлұмат беру, жас оқырманның жүрегінде елбасына деген құрмет сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Оқушылар Елбасының «Ақыл- парасат кітабы», «Еуразия жүрегінде», «Қазақстандық жол», «Ой бөлістім халқыммен» атты кітаптарынан, қоғам және мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбековтың жобасы бойынша жарық көрген «Әлем Қазақстан туралы, Президент туралы», «Елмен сырласу» тақырыбымен шыққан кітаптардан үзінді оқып еліміздің Тәуелсіздігін тұғырлы ету жолында Елбасының атқарған ерен істерімен танысты. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ал 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да нығайып, даму үстінде. Еліміздің зор қарқынмен дамуы және рухани жаңғыру бағытындағы жасалып жатқан барлық шаралар Елбасының сарабдал саясатының арқасы деп білеміз.
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» жалпыреспубликалық жастар акциясы аясында Жалағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығы» және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен «Мәдениет және өнерді дамыту орталығында» аудандық жас ақындар мүшәйрасы өтті.Іс-шараның мақсаты: Елбасының «Болащаққа бағдар; рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көрсетілген замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білуді насихаттау, еліміздің ұлттық-рухани байлығын жаңғырту, тіл мәдениетін, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, жастар арасынан дарынды, талапты жасөспірімдердің шығармашылығын көтеру. Жас ақындардың өнерін сынаған әділқазы алқасында аудандық кітапхананың директоры Ұ.Меңдібаева, Қуат Адис - «Жалағаш жаршысы» газетінің жауапты хатшысы, Қазақстан Журналистер одағының және Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі және Айдын Болатұлы - «Жастар ресурстық орталығының» кеңесшісі төрелік етті. Әділқазылар алқасының қорытындысымен бас жүлдені Бағлан Есқара – З.Жарқынбаев атындағы № 202 орта мектептің 7 сынып оқушысы, I орынды -Дилназ Указбек - № 201 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы, II орынды - Жансая Нұрмұрат - №116 мектептің 6 сынып оқушысы, III орынды - Сұлу Ахметжан- № З. Жарқынбаев атындағы № 202 орта мектептің 7 сынып оқушылары иеленіп, алғыс хаттармен және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды. Осылай, жас ақындарымыз еліміздің рухани жаңғыруына өз үлестерін қосты. Іс-шараны кітапханашы Ж.Ешімова жүргізді.












