Бес жауынгерлік орденнің иегері Ол бар болғаны 22 жыл өмір сүрді. Оның төрт жылы жан алып-жан беріскен сұрапыл соғыста өтті. Минометшілер взводының, ротасының командирі, аға лейтенант Сражадин полк командирлерінен бастап, армия командирлерінің ұсынысымен бес жуынгерлік орденмен марапатталып, ерлігі мен есімі Ұлы Отан соғысының тарихында қалды. Қазақ жауынгерлерінің ерлігі мен батырлығына дүниежүзі халқы тәнті болды. Екінші дүниежүзілік соғыста опат болғандардың көбісі қыршын боздақтар еді. Олар Отан – Анаға берген анттарына адал болды. Сондай азаматтардың бірі, бірегей бар болғаны жиырма екі жас өмірінде, артында өшпейтіндей із қалдырған, елін жаудан қорғауда ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетіп, қан майданда минометшілер ротасының командирі болып, ерлікпен қаза тапқан, жауынгерлік бес орденінің, бірнеше медальдардың иегері, жерлесіміз Сражадин Дүйсенбайұлы Айтуаров еді. Ол 1923 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Бұқарбай батыр ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, Қызылорда қаласындағы педагогикалық курсты бітіріп, оқытушылық қызметін бастаған. Жасы толмағанына қарамастан әскери комиссариятқа қайта-қайта барып, 1942 жылдың ақпанында соғысқа аттанған. Ашхабадтағы кіші командирлер дайындайтын училищені бітірісімен, 1942 жылдың 26 тамызынан бастап Кавказ майданындағы 23 атқыштар дивизиясы 69-шы атқыштар полкінің құрамындағы 32-ші минометшілер взводының командирі болып соғысқа қатысқан. 1943 жылдың 26 қыркүйегінде «Қызыл жұлдыз» орденімен, 11 қазан 1943 жылы ҰОС І дәрежелі орденімен, 19.08.1944 жылы 61 армияның №282 бұйрығымен ІІ дәрежелі ҰОС орденімен және ерекше ерлігі үшін кіші командирлерге берілетін Александр Невский орденімен, 15.01.1945 жылы Варшаваны азат етудегі ерлігі үшін ІІІ дәрежелі ҰОС орденімен марапатталған. Сражадин Айтуаров Варшава қаласын азат етуде ауыр жараланып, 1945 жылы 16 ақпанда 2402 әскери дала госпиталінде жеңіске 85 күн қалғанда 22 жасында өмірден өткен. Жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы жылдары өмірге келіп, сұрапыл заманда алапат соғысты басынан кешіріп, өмір ерте есейткен қысқа ғұмырында батырға тән ерлік көрсетіп, өмірден өткен ағаның ерлігін Подольск қаласындағы әскери мұражайдан алынған деректер осылай баяндайды. Айтылған марапаттар осының дәлелі. Бұқарбай батыр ауылындағы Мәдениет үйінің алдындағы соғыстан оралмаған жерлес жауынгер бауырларға арналған ескерткіш құлыптаста Сражадин Айтуаровтың есімі бірінші қатарда тұр. Жаста болса майданда қол бастап ерекше ерлік көрсеткені үшін майдан қолбасшыларынан бес жауынгерлік орден алған Сражадиннің ерлігін ауылдастары мақтаныш етеді. Қызылорда қаласында бір көше және Бұқарбай батыр ауылында бір көшенің аты Сражадин Айтуаровтың атымен аталады.
«Өркениетке бастаған туған өлке» жобасы Туған жер-әрбір адамның киелі бақ мекені. Кім болса да туған жердің торқалы топырағын басып, жұпар ауасын жұтып, кәусар суын қанып ішу арқылы сол елдің, туған жерінің, өскен елінің қадір-қасиетін сезініп өседі. Қауырсын қаламын жанына серік етіп, халқына даналықтың сәулесін шашқан данышпан ғалымдардың даңғайыр еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып бізге жетті. Біздің осындай тамаша тарихымыз өскелең ұрпақтың рухын оятып асқақ армандарға бастай береді. Өз өлкесінің бұрыңғы және қазіргі өмірін білу, өлкенің жаңаруына тікелей ат салысуымыз қажет, өйткені туған өлке-шегі жоқ әлемнің бір бөлігі. Жергілікті ақын-жазушыларымыздың ұрпақтарына аманаттаған Отбасылық жеке кітапханасы- осының айғағы. Сіздердің назарларыңызға «Отбасылық кітап оқу әдісі» атты отбасылық жеке кітапханасы бар оқырмандар жәйлі бейнешолуды ұсынамыз.
Ы. Алтынсарин-180жыл Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы өскелен ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында аудандық кітапханада «Білім атасы-Ыбырай» атты әдеби-танымдық сағаты ұйымдастырылды. Ы. Алтынсариннің «шапқан-озар,жатқан-қалар» дегеніндей, ұлы ағартушының мұраларын зерделеп, өзектіліктерін пайдаға асыру, ұлы тарихи тұлғаны есте сақтау, құрмет тұту жастардың борышы болмақ.
Асқар Кіребайұлы-75 жыл. Ән ұялаған, жыр қонған киелі Жалағаш өңірінде өлең, жырдың өресін ұзартып, өркенін жайған өршіл таланттар аз болмаған. Әріден айтсақ Әзілкеш ақын, Әбдікәрім Оңалбаев, Төлеубай Үркімбаев, беріден Қомшабай Сүйінішев, Темірше Сарыбаев, Жақсыбай Сарбалаев, Мәлік Аяпов, Асқар Кіребаев есімдерін ерекше мақтанышпен айтамыз.Осыған орай аудандық кітапханада «Өркениетке бастаған туған өлке» жобасы аясында жергілікті қаламгер Асқар Кіребайұлының туғанына 75 жыл толуына орай «Қаламы ұшқыр талан иесі» атты поэзия сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың туған жерге, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін арттырып, көркемдік дүниетанымын кеңейтуде көркем әдебиеттің маңызын түсіндіру.
«Есік алдында төбе болса, ерттеулі атпен тең, үйіңде қартың болса, жазулы хатпен тең» демекші қарттар біздің тамырын тереңге жіберген бәйтерегіміз, тамаша тарихымыз, адастырмайтын ақылшымыз.«Аталар сөзі-ақылдың көзі» тақырыбында 1 қазан-Қарттар күніне орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен ауданымызға танымал ғасыр жасаған кейуана Қайырбаева Бибәйша әжеміздің ақ батасын назарларыңызға ұсынамыз
«Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр» Н. Назарбаев Аудандық кітапханада жас ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және жасампаз ұрпақ тәрбиелеу мақсатында « Тәуелсіздігім теңдігім, егемендік елдігім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бүгінде біздердің, жас ұрпақтың ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қолы жетті. Тәуелсіздіктің арқасында іргеміз бүтінделіп, еңсеміз көтерілді. Қазақстан өркениетті мемлекеттер қатарына қосылып, Ұлы дала төсінде ынтымақ пен береке орнады деген пікірлермен қатысушылар ой бөлісті.
«Даланың дара ұстазы» Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазған бірінші қазақ жазушысы болып табылады. Ол қазақ жастарын оқыту, халықты сауаттандыру саласында балаларға жазба әдебиетінің негізінде зор педагог. Ыбырай жастардың білімді адам болудағы мақсат, міндеттері халқына пайдасын келтіру, өнер мен білімді меңгерудің арқасында өз елін « тастан сарай салдырған», «от пен суды пайдаланып», «отынсыз тамақ пісірген, теңізде кеме жүргізген» мәдениетті елдердің қатарына жеткізу деп біледі. Еңбек ауылдық кітапханасында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» рухани мәдени акциясына орай Ы. Алтынсариннің «Өнер- білім бар жұрттар» өлеңін және басқа шығармаларын насихаттау мақсатында мәнерлеп оқу өткізілді. Мақсаты: Жастарды білімге баулыған өлеңінде ақын мол байлық- білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жетуі үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді.












