Құрметті әдебиет сүйер қауым! 10 тамыз- қазақтың ұлы ойшыл ақыны, дана да дара ақын, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай күніне арналған "Абай жаққан шамшырақ" атты онлайн ақпарат сағатын назарларыңызға ұсынамыз. Өмірдің алды - ыстық, арты - суық, Алды ойын,арт жағы мұңға жуық Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен, Өмір сәуле көрсетер судай тұнық. Жаманға "жар" деген - ақ ән көрінер, Жақсы ән біле айтуға кім ерінер? Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп, Жабырқаған көңілің көтерілер.
"Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады". Абай Айдынды Арал топырағында дүниеге келіп, өңірдің өсіп өркендеуіне елеулі үлес қосқан, саналы ғұмырында ел игілігі үшін еңбек етіп, абройлы қызмет атқарған журналист - жазушы Халықаралық Жазушылар Одағының, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Жалағаш ауданының "Құрметті азаматы", қошеметке де, құрметке де лайықты қария Шыңғыс Айбосынов - 85 жаста.Осыған орай өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рух тәрбиелеу мақсатында, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Өркениетке бастаған туған өлке" жобасы аясында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен "Сөз майданының сардары" атты онлайн шолуды ұсынамыз.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, аудандық кітапханадағы "English club" үйірмесі жетекшісінің ұйымдастыруымен жастарды ағылшын тілді меңгеріп, еркін сөйлей білуге үйрету мақсатында орталық саябақта флешбук ұйымдастырылды. XXI ғасырда қазақ елінің биік белестерге көтерілуі бағытында қазіргі заманда жаһандық тіл болғандықтан, ағылшын тілін меңгеру күн тәртібінің басты мәселелерінің қатырында тұр
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Тәуелсіздікті тәу етемін мәңгілік" атты онлайн оқуларын назарларыңызға ұсынамыз.
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра, Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра. Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана! Қадыр Мырза-Әли. Домбыра - ұлттың рухы, асыл мұрасы, қымбат қазынасы. Елбасының шілденің алғашқы жексенбісін - Ұлттық домбыра күні деп белгілеуі мәдени мұрамызды жаңғырту. Ұрпақ санасына сіңіру. Осы мақсатта балалар кітапханасында "Күмбірле, күй домбыра" музыкалық калейдоскобы өткізілді. Шара барысында домбыраның құрылымы, тарихы, түрлі аңыздар туралы айтылды. Кітапхана оқырмандары Аңсаған Ділдәбекқызы Сыр сүлейлерінің термесін, Раушан бек Бақдәулет Құрманғазының күйлерін орындады.
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы Зейнеп Ахметованың "Күретамыр" кітабынан "Салт- дәстүр - ұрпаққа аманат" тақырыбындағы онлайн шолуды назарларыңызға ұсынамыз. Ақ жаулықты Зейнеп Ахметова апамыздың кітабы әсіресе қыз келіншектер мен әйел- аналарымыз үшін бала тәрбиесінде, отбасы құндылығына дәнекер болатын туынды.Салт -дәстүр, әдет- ғұрып, ырым - тыйымдарының мағынасы жас ұрпаққа кеңінен түсіндіріледі.Осы арқылы бұрынғы жақсы мен бүгінгі жаңаны үштастырып, үлттық болмыстан айнымай, қазақы тәлім - тәрбиенің мәнін ұғындырады.Кітапта құрсақ шашудан бастап, баланың алғашқы мүшеліне дейінгі аралықта салт - дәстүр, жөн - жоралғылар барынша қамтылған.
«Ұлт тарихы - өлке тарихынан бастау алады. Бүкіл адамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтар құрайтын болса, өлке тарихы сол құндылықтардың бастау бұлағы» Елбасы Н.Назарбаев Аудандық кітапханада өлкенің киелі орындарының тарихымен таныстыру, тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен сақтауға үйрету, оларды насихаттау әрбір азаматтың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту мақсатында "" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақ Елінің Ұлы рухын көтеру, оның тарихын білу - бізге парыз деп санаймыз. Көрмеге өңірдің қасиетті киелі орындары, тарихи ескерткіштер мен кесенелер жайлы, от ауызды би-шешендер мен ақын-жазушылардың кітаптары қойылды












