Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Іс-шаралар

Іс-шаралар (125)

         57664004 441694403254702 4279707960097112064 n    57614987 441694463254696 5392900553359491072 n

        Кітап - тарих, шежіре!.Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы! Кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры. « Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс.Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес» - деген еді Серке Қожамқұлов. Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай кітапхананың Коворкинг орталығында «Кітап – рухани жаңғырудың құралы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жастардың білімін рухани байыту.

   

         57286171 492976087901548 6691164704745717760 n      58378466 492976167901540 1809260891904933888 n

Таң ауылдық модельдік кітапханасында "Бір ел- бір кітап "акция аясында Сырдың перзенті,ақын драматург,әдебиет зертеушісі Ә.Тәжібаевтің шығармашылығынан "Тыңда менің сөзімді ,тыңда халқым" атты аудандық байқау болып өтті. Байқаудың негізгі мақсаты:Ә.Тәжібаев туралы жас жеткіншіктерге мағлұмат беру, ұлтжанды болуға, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру. Байқаудың шарты:
1.Ә.Тәжібаевтың прозалық шығармаларынан мәнерлеп оқу.
2.Ә.Тәжібаевтың поэзиялық шығармаларын мәнерлеп оқу.
Байқауды ауыл әкімі Ә. Байнахатов ашып беріп, №118 орта мектеп оқушылары Ә.Тәжібаевтің "Көтерілген күмбез"атты драмасынан көрініс қойды. Байқау соңында жеңімпаздар қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

                56764512 809621459416626 1067434999533273088 n           57085325 809626076082831 1255831004078145536 n

   Аудандық кітапханада "Ескерткіштер елге мұра, ұрпаққа аманат" атты 18 сәуір-Ескерткіштерді қорғау күніне орай көрме ұйымдастырылды. Дүниеде өзгермейтін ештене жоқ.Заман да ,заң да,адамдар да өзгереді екен. Бірақ əлемде қанша өзгеріс болса да,оның сонау уақыт таңбасын бойына сіңіріп, халқымен бірге жасай беретін өмірдің бір саласы бар.Ол-атадан балаға үзілмей жалғасын тауып келе жатқан,өткен дəуірде өмір сүрген ата-бабаларымыз туралы сыр шертетін тарихи-мəдени мұралар. Халқымыздың мəдени-рухани құндылықтарының бірі,тарихи-мəдени мұралар барлық уақытта,ұлттық сананы жаңғыртып,халықтың дəстүрі мен асыл қазынасын дамытып,адам бойына рухани ізгілік нұрын себудің қуатты құралы болып келеді.Осындай тарихи маңызы бар игі шаралар мен көрмелер алда да өз жалғасын табары сөзсіз. Жалпы ұлттық дəстүрімізді жаңартып,ұлттық санамызды оятып,елеусіз қалуға айналған ата-баба рухын қастерлеп,халық арасында насихаттап кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында баршамыз болып күш жігерімізді жұмылдыруымыз қажет.

                                     56673234 734481330280030 461831944938717184 n        56857774 734480010280162 4230912690618368000 n
       Есет батыр ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырманы зейнеткер Пірманов Мұқан ағаймен «Ең үздік оқырман» атты оқырман бенефисі өткізілді. Мақсаты: Ұлт мәдениетінің ең құнды бейнесі саналатын кітап оқуға деген құштарлықты арттыру.Кітап оқу арқылы сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу.

54799439 567144903773624 6574119239542636544 n

Аудандық кітапханада Наурыз мерекесіне орай сала ардагерлердің қатысуымен «Наурыз келсе, құт келгені» атты мерекелік кеш өткізілді.

   54436061 567144963773618 219560940079677440 n

 

53393911 1067960153387785 1881000864521388032 n  

Аққұм ауылдық онлайн кітапханасында 8 - наурыз Халықаралық əйелдер күніне орай "Ана -ұлт тəрбиешісі" атты батыр аналармен дөңгелек үстел өткізілді. Аналарымызға кітапханамыздың кішкентай оқырмандары өз-өнерлерін көрсетті.

53429775 1067960536721080 1739911429365956608 n

                  53623350 813721755674978 1490795900199501824 n   53577782 813721599008327 4017666610889228288 n

      Еңбек ауылдық кітапханасында 8 Наурыз мерекесіне арналған «Қыздарға әсемдік жарасады»

атты сынып аралық қыздар сайысы өткізілді. 

     

                   53393911 1067960153387785 1881000864521388032 n   53429775 1067960536721080 1739911429365956608 n

    Аққұм ауылдық онлайн кітапханасында 8 наурыз Халықаралық əйелдер күніне орай "Ана -ұлт тəрбиешісі" атты батыр аналармен дөңгелек үстел өткізілді. Аналарымызға кітапханамыздың кішкентай оқырмандары өз өнерлерін көрсетті. Мақсаты: Жас батыр аналарымызды мерекесімен құттықтау.Əлемдегі ең асыл жан ол - Ана екенін жас ұрпаққа жеткізу.

                                       52977083 413815172709292 1222764428823363584 o       52989927 413815289375947 5778302850891251712 o

 

«Ең үздік оқырман» бенефисі

        Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша кітап оқу мәдениетін ілгері жылжыту, кітап оқымайтын оқырмандарды кітапханаға тарту,ең үлгілі көркем әдебиет туындылары арқылы оқырман бойында адамгершілік және рухани тәрбиені қалыптастыру мақсатында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ең үздік оқырман» бенефисі өткізілді. Кешті аудандық кітапхана директоры Ұ.Меңдібаева ашып берді. Оқырман бенефисінің басты қонағы, кітапхананың тұрақты оқырманы, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құлмахан Қожантай ағамыз болды. Ағайдың кітапхана қорынан осы уақытқа дейін көркем әдебиет және басқа салалар бойынша оқыған кітаптар саны – 255 ке жетіп отыр. 
Сонымен қатар Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері Ә.Әлішбаева, Р.Сабытовалар әннен шашу шашса, аудандық әуез мектебінің қызметкері С.Қайранбаев домбырадан күй шертті. Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» бөлім басшысы Н.Сералы ағайға деген жылы лебізін білдіріп, аудандағы, ауылдағы ерікті жастармен алдағы уақытта жұмыс жүргізетіндігін айтып өтті. Дәуімбай елді мекенінің тұрғыны, кітапхана оқырманы Ертуғанов Сейітмахан атамызда оқыған кітаптарынан сыр шертті. №201 мектеп – лицей ұлан оқушылары да көкейінде жүрген сұрақтарын ортаға салды. Сондай – ақ аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі Н.Алмасқызы да сөз кезегін алып, алғысын білдірді. Музей қызметкері Т.Қозыбағаров ағай туралы сөз қозғап, жастарға кітап оқуға шақыратындығын айтты. Кеш соңында Қожантай ағайға, оқушыларға кітаптан сыйлық берілді. Кеш өте әсерлі, қызықты өткізілді.

              51865957 406307376793405 7910469743570583552 o    51968853 406307476793395 7113874518434643968 o

     Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен бүгінгі Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай  «Ауғанның отты жалыны» атты әдеби сазды тарихи кездесу кеші өткізілді. Кештің мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, оқушылардың  ерлік қабілеттерін кеңейту. Тарихи  оқиға  туралы  мәлімет беру. Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау 2019

Жолдау 2017 жыл

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Астана 20 жыл

astanakyzyorda1